Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қоғам 3703 0 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 17:31

Арыста ауылшаруашылығында өрлеу көп

Күз дегеніміз – байлық, молшылық, жазира даланың дархан дастарханы екені белгілі. Биыл ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы үкіметтің қабылдаған бағдарламаларын жүзеге асыру аясында экономикаға серпін беретін жобалардың нәтижесінде Арыс қаласында ауылшаруашылық құрылымдары ағымдағы жылы 8 миллиард 521 миллион 700 мың теңгенің өнімдерін өндірді. Мұндай қорытынды есептерді Арыс қаласы әкімдігінің ресми сайты есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру мақсатында құрылған "Ашық әкімдік" жобасы аясында жариялап отыр. 

Сонымен шаһарда мал шаруашылығы бойынша алынған өнімдері бойынша: ірі мүйізді қара малдың саны 31 мың 282 құрап, 2015 жылмен салыстырғанда (109,2%) пайызға, қой мен ешкі 386 мың 409 (107,0%) пайызға, жылқы 10 мың 46 (101,6%) пайызға, құс 62мың 856 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда (100,6%) пайызға артқан.  2016 жылдың 1 қыркүйегіне шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері өткен жылмен салыстырғанда: ет –5 мың 161 тоннаны құрап 101,5% пайызға, сүт – 14 мың 416 тоннаны құрап 107,1% пайызға, жұмыртқа – 5 миллион 906 мың дананы құрап, өнім өткен жылмен салыстырғанда 100,5% пайызға артық орындалды.   

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 900 бас ірі қара мал алынуы керек, нақты 905 бас алынды, немесе 100,5% орындалды.  «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 1000 бас уақ мал алу тапсырылған, нақты 2 мың 102 бас алынды, немесе жоспар 210% орындалды.  «Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 160 бас жылқы алу жоспарланса, қазіргі таңға 160 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 100% орындалды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499