Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қоғам 4204 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:20

ОҚО ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 319,6 млрд теңгеге бағаланды

Аймақтық жиналыста Оңтүстік Қазақстан облысының даму барысы талқыланды, биылғы 9 ай ішіндегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы деректер келтірілді сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол қартасы - 2020» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асу барысы сөз болды.


Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, бұл уақыт аралығында өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 574,2 млрд теңгені құраған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 319,6 млрд теңгеге бағаланып отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі - 125,3 млрд теңге. Жиналыста өңірге инвестиция тартудың әлі де әлсіз екені айтылды. Осылайша, 9 айда экономикаға 240,8 млрд теңге түскен, ал бұл өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда 82,4% құрады.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметтерінше, биыл 14 нысанның құрылысы жоспарланған, олардың жетеуінің құрылысы жоспарланған кесте бойынша жүріп жатыр. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 9 нысанды жүзеге асыру жоспарланған және бүгінде қаражаттың 96% игерілген. Жыл аяғына дейін жұмыстарды толық бітіру жоспарланған.

«Жұмыспен қамтудың жол қартасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндап берді. Ол жыл басынан бері 54570 бағдарлама қатысушыларына көмек көрсетілгенін атап өтті. Оның ішіндегі 19 965 адам өз бетімен жұмыс тапты, ал бұл жылдық жоспардың 113 пайызы.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барлық есептерді тыңдап, әр басқармаға тапсырма берді. Ол экономикалық көрсеткіштерге, инвесторлар үшін жағдай жасауға аса мән беруге шақырды, құрылысты аяқтап, коммуналдық жүйелерді іске қосу мәселесін шешпеген мердігерлерді тізімінен сызып тастау керектігін айтты. Сонымен бірге, өңір басшысы халықты жұмыс қамту мәселелері бойынша тапсырмаларды орындамаған аудандар мен қалалардың тізімін беруді талап етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522