Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5826 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 17:55

«Almaty Invest-2016» IV Халықаралық инвестициялық форум өтеді

Алматыда 7-9 желтоқсанда Орталық Азиядағы ең ірі инвестициялық іс-шара – «Almaty Invest-2016» IV Халықаралық инвестициялық форум  өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Almaty Invest-2016» форумы – бұл қазақстандық және халықаралық инвесторларға инвестициялық мүмкіндіктер ұсыну және оларды талқылау бойынша өтетін іс-шара. Форум қоғам, бизнес және мемлекет арасында өзара іс-қимыл жасауға арналған ашық алаң болып табылады. Іс-шара жыл сайын Алматы қаласының әкімдігімен өткізіледі. Іс-шара барысында 300 млрд. теңгеге инвестициялық жобалар бойынша меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.

Форум бағдарламасы үш күнге есептелген. 7 желтоқсанда Алматы қаласы әкімінің төрағалық етуімен өңірлік инвесторлар кеңесінің мәжілісі өтеді. 8 желтоқсанда форумның негізгі бағдарламасы өтеді, онда Алматы қаласының сауда және қызмет көрсету саласы, тамақ өнеркәсібі, іскерлік туризм, мемлекеттік-жеке серіктестік және индустриалдық даму секілді 5 басым бағыты бойынша инвестициялық мүмкіндіктері талқыланатын болады. Спикерлер ретінде Carrefour, Leroy Merlin, Sanlas Holding, Tokyo Rope, EuroShop, UBS Asset Management, Дүниежүзілік банк, ЭФКО және басқа да ұйымдарды қоса алғанда, қалаға инвестиция салған немесе инвестициялауды жоспарлап отырған ірі халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылды.

9 желтоқсан әрекет етіп жүрген кәсіпорындар, өнеркәсіптік аймақтар мен туристік нысандар бойынша қызығушылық танытқан инвесторлар үшін инвестициялық турлар үлгісінде өтеді. Бұдан басқа, KASE қор биржасы жұмысының тетіктері бойынша семинар өткізу, сондай-ақ «Almaty StartUp City» форумын өткізу жоспарланған, оның шеңберінде «Almaty StartUp City-2017» бағдарламасының таныстырылымы көрсетіледі, алматылық стартаперлер үшін шебер-класстар мен воркшоптар өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519