Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2800 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 07:03

Ақынның шығармашылығына арналды

Кеше Астанадағы Ұлттық ака¬де¬миялық кітапханада “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында ұлты¬мыздың асыл азаматы, көрнекті ақы¬ны Мағжан Жұмабаевтың шы¬ғармашылығына арналған қазақ және орыс тілдеріндегі оқырман¬дардың конференциясы болып өтті.
Қазақ халқының оқу-ағарту ісін¬дегі М.Жұмабаевтың рөлін ай¬қындау, сондай-ақ оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту атал¬мыш мәдени шараның басты мақсаты болды. 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан “Бір ел – бір кітап” акциясы ұлттық әдебиетіміз¬ді насихаттауда, ең үздік әдеби туын¬дыларды оқуда, оқу ісін ілге¬рілету, рухани мұрамызда сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеуде, әлеуетті оқырмандарды тартуда өзіндік үле¬сін қосып келеді. Акция ұйымдас¬тырылған алғашқы жылы ол Абай¬дың “Қара сөздеріне” арналса, 2008 жылы М.Әуезовтің “Қилы зама¬нына” арналды. Ал биыл поэзияны таңдап, оқушыларды М.Жұ¬ма¬баев¬тың шығармашылығымен таныс¬тырды.
Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, мұндай конференция оқу¬шылардың оқыған дүниелерін сараптай отырып, өзіндік көзқа¬рас¬тарын қалыптастыруға, ойларын жинақтау қабілетін арттыруға, бір¬лесе жұмыс жасауға деген икем¬ділігін жетілдіруге септігін тигізетін жаңа педагогикалық тәсіл болып табылады. Сондай-ақ, олардың ин¬туитивті ойлауы мен шығарма¬шы¬лық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Аталмыш конференцияға қа¬тыс¬қан 20 оқушы М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ауызша әңгімелеуден, оның азамат¬тық лирикасын оқу, талқылаудан, эссе, хат-хабарлар, үндеулер жазу¬дан өздерінің бойларындағы шы¬ғармашылық қабілеттерін көрсетуге тырысты.

Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.
«Егемен Қазақстан» газеті  29 мамыр 2009 жыл

0 пікір