Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3151 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 07:02

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КӘУСАР ҮНІ

Жазира даланы жайлаған бабалар рухының жаңғырығы ел жүрегіне имандылық пен адамгершілікті, сүйіспеншілік пен мейірбандықты ұйытып, халықтың хас өнері қалыбы бұзылмай қайнап жатса, көңіл-көкжиекті мұң торламақ емес. Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауының басқа мәдени шаралардан қандай ерекшелігі бар дегенде, осындай қырларын баса көрсеткеніміз абзал. Киелі өнерді кеңінен насихаттап, төл мұраны мұрат тұтқан жас жампоздар дала мен қырды қырмызы жырға толтырған додаға бұрын-соңды жайдақ-жаяу маңайлап көрмепті, жанамын деген кеудеге от беріпті, лаулаймын деген жүрекке нұр сыйлапты, өзендей күркіреп, дүлдүлдей дүркіреген тастүлек үндер үлбіреп шығыпты.
Бәйгеге қатысып жатқан жастардың бірлі-жарымын әңгімеге тартқанымызда жыр ұшқыны ұшырасқандай, сыр иірімі тереңге тартып ала жөнелген.

Ерлан РЫСҚАЛИ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консервато¬риясының түлегі:

– Дәстүрлі ән¬ші¬лер байқауында ал¬ғаш рет бақ сы¬нап отыр¬мын. Хал¬қы¬мыз¬дың талай бұлбұл көмей ән¬ші¬лері із қал¬дырған айнадай ай¬дында жекпе-жек¬ке шық¬паған адамның кейін атақ-абы¬рой¬ға кенелгені кемде-кем. Бірақ оған көп жастар бүгінде олай атын асыр¬ғалы келеді деп ойлବмай¬мын. Өнер деген өзі бір шың¬дал¬масаң, шынықпасаң, шырқауың қиын жар¬тастағы құз секілді бір нәрсе ғой. Сол мекен ауық-ауық осылай шағалалы көлге ұқсап кеткенде жас әншілердің қай-қайсысы болсын қанатын бір қомдап қалып жатады. Мен де талай рет сондай күйге түскенмін. Алайда, ойға алып қою деген нәрсе бар да және көкейге сол арманды қондыратын кез деген тағы бар. Сол айтқандай, әйтеуір жұртпен бірге көп дабырға атойлап қойып кеткен жайым жоқ, алдын-ала бәйгенің талап-шарттарын  әбден танып, біліп алған соң ғана тәуекел еттім. “ Мұнсыз да жұрт сенің өнеріңді “көгілдір экраннан” күнде естіп жүрген жоқ па? Қайтесің бұл байқауды?” деп жолымнан қайтарғысы келгендер де аз болған жоқ. Бірақ Әміре бабамыздың атындағы байқауға қатыспау маған өнеріңді өз қолыңмен буғанмен тең сияқты көрінеді. Ол – мектеп, ал біз шәкірт емеспіз бе?!.

Амангелді КҮЗЕУБАЙ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі:

– Бала күнімнен Арқа әндеріне құлақ құрышымды қан¬дырып өстім. Бүгінде осы өңірдің тамырын бүлкілдеткен сазды дүниені тегіс сіміріп алмасам да, бір¬та¬ла¬йын репертуарыма енгізіп үлгердім. Бай¬қауға “Ағаш аяқ”, “Балқадиша”, “Ақ си¬са” сияқты шоқ¬ты¬ғы биік әндер жәй қо¬сылған жоқ деп ой¬лай¬мын. Осындай жауһарлар көмекейдің көмбесінде бұғып жататын  бояу-бедерді көрсететін, шын дарынды танытатын, дархан даланың қай қырқасына шығатынымызды анықтайтын. Естайдың “Қорланы”, Сегіз Серінің “Бес қарагері”, Біржан салдың “Жалғыз аршасы”, Ақан серінің “Сырымбеті”, әрқайсысы біз үшін ұлы даланың классикалық шығармалары саналса, ал сол төлтума дүниелердің рухын төмендетпей, шебер орындаушы – әлгі құндылықтарды қайта жаңғыртушы һәм халықпен арадағы рухани көпір сияқты тұлға. Бұл кез келгеннің қолы жете бермейтін биік. Ал Әміре Қашаубаев атындағы байқау сол биікке қарай бір адым болса да ілгері жасалған қадам. Сондықтан еңбегім еш кетпейтініне сенемін.

Дина НАЗАРБЕКОВА, Қазақ ұлттық музыка академиясының І курс студенті:

– Мен үшін бұл байқаудың орны бөлек. Жалпы шын жүйріктің жібек жалы тек бәйгеде желбірейді десек, өнер адамы да дәл сол секілді, сында, бәсекеде шың¬далады. Қырық адамның ішінен суы¬рылып шығу оңай¬лықпен келетін олжа демеймін, бі¬рақ мұндай аламан бәйгеде намысты қол¬дан беріп қоюға тағы болмайды. Одан әркім өзіне пайдалы ой түйеді, сабақ алады деп ой¬лаймын. Мәреге бос келдім деп ешкім өкінбейді. Бұл бір жастардың етек-жеңін жи¬ғызатын, бағыт-бағдарын түзейтін, шынығу алаңы сияқты. Бір әнді әр мектептің өкілдері өз нақышымен орындағанда құлпырып, өзге¬ше түрленеді екен. Қазақ әнінің табиға¬тын¬дағы осындай сұлулықты басқа қай елдің мәдениетінен көрдіңіз. Ән жанры мен жанын қаузап, зерттей берсеңіз, тіпті ұшы-қиырына жете алмас едіңіз. Дәстүрлі ән өнері иірімінің күрделі болатын себебі сол. Мұндай құбы¬лыстар нотаға сыймайтынын, үндегі нәзік ді¬ріл, көмекейдің бүлкілі қазақтың төл өнерінің қанына ғана тән екенін ұдайы айтып жүрсек те, сол сөздің растығына байқауда тағы да кө¬зім жете түсті. Ал тікелей байқаудың өту бары¬сы туралы айтатын болсам, Құрманғазы атын¬дағы қазақ ұлттық консерваториясы мен Қазақ ұлттық музыка академиясының түлектері бірі¬нен бірі қалыспай, қатар шауып келе жат¬қан¬дай. Бірақ сайыстың аты – сайыс, әлі нағыз тер төгілетін белестер алда. Кей жүйріктің мықтылығы соңына қарай көрінетін әдеті. Әннің құдіретті құпиясы деген сол болар.

Жазып алған Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.
«Егемен Қазақстан» газеті  29 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3607