Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3188 0 пікір 6 Қыркүйек, 2010 сағат 19:13

Болат Райыс. Қазақ тілінің заң терминологиясы қалыптасқан ба?

Мемлекетімізге аты берілген тіл - Қазақ тілі тәуелсіздігімізді алғалы жиырма жылға жуық уақыт өткеніне, өмірдің барлық саласында оның қолданыс аясын кеңейтуге және тіл үйренгісі келетіндер үшін кәсіпорын, мекеме, ұйымдарда әдістемелік, оқытушылық жағдай жасауға бюджеттен жылма-жыл миллиондаған теңге қаржы бөлінетіндігіне, тағысын-тағыларға қарамастан, неге әлі күнге өзінің тарихи лайықты орнына көтеріле алмай келеді?

Бұл мәселе түп-тамырының тереңде жатқандығын бүгінде көзі қарақты отандастарымыздың басым көпшілігі біледі немесе сезеді - кезінде  бұратана саналған ұлттарды бағындырып ұстау үшін олардың құқықтарын кемітіп, тілін ұмыттырып ұстауды көздеген ұлыорыстық шовинизмнің тоңы жібігенмен, сызы кеткен жоқ. Кейінгі толқын ғалымдарымыздың бірінің еңбегінен келтірілген мына үзінді де ойымызды нақтылайды: «Еще в свое время Петр первый придавал большое значение захвату Казахстана, говоря, что «он всем азиатским странам и землям... ключ и врата; и той ради причины оная-де орда потребна под Российской протекцией быть». Бұл дегеніңіз - қазақ  байтағын біз билеп-төстеуіміз керек деген сөз ғой.

Мемлекетімізге аты берілген тіл - Қазақ тілі тәуелсіздігімізді алғалы жиырма жылға жуық уақыт өткеніне, өмірдің барлық саласында оның қолданыс аясын кеңейтуге және тіл үйренгісі келетіндер үшін кәсіпорын, мекеме, ұйымдарда әдістемелік, оқытушылық жағдай жасауға бюджеттен жылма-жыл миллиондаған теңге қаржы бөлінетіндігіне, тағысын-тағыларға қарамастан, неге әлі күнге өзінің тарихи лайықты орнына көтеріле алмай келеді?

Бұл мәселе түп-тамырының тереңде жатқандығын бүгінде көзі қарақты отандастарымыздың басым көпшілігі біледі немесе сезеді - кезінде  бұратана саналған ұлттарды бағындырып ұстау үшін олардың құқықтарын кемітіп, тілін ұмыттырып ұстауды көздеген ұлыорыстық шовинизмнің тоңы жібігенмен, сызы кеткен жоқ. Кейінгі толқын ғалымдарымыздың бірінің еңбегінен келтірілген мына үзінді де ойымызды нақтылайды: «Еще в свое время Петр первый придавал большое значение захвату Казахстана, говоря, что «он всем азиатским странам и землям... ключ и врата; и той ради причины оная-де орда потребна под Российской протекцией быть». Бұл дегеніңіз - қазақ  байтағын біз билеп-төстеуіміз керек деген сөз ғой.

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтар түркі тілдес халықтар арасында саны жағынан түріктерден кейінгі екінші орында тұрған екен. Отызыншы жылдарғы ашаршылық пен жаппай репрессия алдында Қазақстандағы қазақтардың саны 5 млн-ға жуық болса, нәубеттерден кейін ұлтымыз сандық құрамы жағынан 45 пайызға кеміп, 3 млн-ға жетер-жетпес  қалған. Қазақстанды советтендіру, Ұлы Отан соғысы жылдары одақтас республикалар тұрғындарын  эвакуациялау, тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде жерімізге қоныстандырылған халықтармен пайыздық қатынасқа шаққанда қазақтар өз елінде азшылыққа айналған (біз бұл арада цифрларды нақтылаушы тарихшылар мен статистиктер міндетіне араласпақ емеспіз).

Толғандырып отырғаны - мемлекетімізде әлі күнге заң терминологиясының қалыптаспағандығы. Жасыратыны жоқ, қазақтардың көпшілігі ана тілін мансұқтап, ресми аталып жүрген орыс тіліне бейімделіп алды. Лингвистикалық тұрғыдан басқа тілдердің қайсымен салыстырғанда бай екендігі дәлелденген тіліміздің мол мүмкіндігі күнделікті іскерлік, мәдени-көпшілік қарым-қатынастарда неге шала-шарпы, немқұрайды қолданылады? Мемлекеттік тіліміздің дамуына һәм өрістеуіне мұрындық болар Мемтерминком, Баспасөз және ақпарат, Мәдениет министрліктері осы жөнінде қауқарсыздық танытқанда, басқалар қайтпек? «Орыс тілі тұрғанда», «қайдағы бір» мемлекеттік тілдің көсегесін көгертуге Үкіметтің өзі де құлшынып отырмаған секілді (оған мысал келтіріп жатудың өзі артық).

Қазір «қазақ журналистикасының проблемасы көп» деген уәж шығыпты. Кешіріңіздер, қазақ журналистикасында ешқандай проблема жоқ, тек проблема жасағысы келетіндер бар және оныңыз - қазақша сөйлей алмайтын «шенеуніктер» ғана болуы мүмкін. Қазақ журналистері екі ауыз қазақша сөйлемейтіндердің өзін баспасөзде қазақша мөлдіретіп тұрып сөйлетеді (рас, тележурналистерге оңай емес - оларға ойын қазақша жеткізе алатындарды «күндіз шаммен іздеп» тауып, соңынан жалына қуып жүріп сөйлетуге тура келеді-ақ. Бірақ ол қазақ журналистикасының проблемасы емес, ана тілін менсінбейтіндердің кесірінен туындаған деформация!).

Енді заң тіліндегі олқылықтарға келейік. Бұл саладағы қазақ тілінің қолданысы да көңіл көншітпейді. Себебі, заңгер қандастарымыздың көпшілігі негізінен орыстілді мамандар. Екіншіден, қазақша заң тілін жасауға қатысқандардың қатарға нақты мамандар болмаған кезде кіріп алған сауатсыз аудармашылардан іріктелгендігінен де заңдардың аудармалық сапасы нашар.

«Үшіншіден, төртіншіден» деп жалғастыра бермей тоқ етерін айтар болсақ, мұндағы сорақылықтардың себебі де - Билік пен Үкіметтің ана тілімізді дамытуға белсене кіріспей отырғандығында. Ойымды қорытындылай келе, кейбір бекітіліп кеткен заңдар мен заңнамалық актілердің аудармаларын оқи жүріп өзім байқаған бірқатар үзінділерді мысал ретінде саралауға ұсынамын (құзіретті мамандар мен тіл жанашырлары өз ұсыныстарын жасар деген үміттемін):

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы»

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

4) жалдауға беруші (жалға беруші) - тұрғын жайды жалдау  шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;

 

Статья 2. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

4) наймодатель (арендодатель) - сторона в договоре найма жилища, являющаяся собственником жилища или лицом, уполномоченным собственником сдавать жилище внаем;

 

28) тұрғын жай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

 

28) жилище - отдельная жилая единица (индивидуальный жилой дом, квартира, комната в общежитии), предназначенная и используемая для постоянного проживания, отвечающая установленным техническим, санитарным и другим обязательным требованиям;

 

29) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

 

29) наем (аренда) жилища - предоставление жилища или части его нанимателю (арендатору) в постоянное или временное владение и пользование за плату;

 

67-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.

 

Статья 67. Условия предоставления жилища из государственного жилищного фонда

1. Жилища из государственного жилищного фонда или жилище, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предоставляются в пользование нуждающимся в жилье гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим в данном населенном пункте (независимо от срока проживания) и относящимся к малоимущим социально защищаемым слоям населения.

 

69-бап. Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану

 

Статья 69. Признание граждан нуждающимися в жилье

 

70-бап. Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығы

 

Статья 70. Право граждан на жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде

 

«Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 Қаулысы

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

12. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеу жөнiнде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар мынадай құжаттар ұсынады:

1) тұрғын үйге меншiк иесiнiң келiсiмi бар тiркеу туралы арызы;

2) белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi сатып алғанын растайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн өзге де құжаттары;

2. Порядок оказания государственной услуги

12. Для получения государственной услуги по регистрации по месту жительства потребители предоставляют следующие документы:

1) заявление о регистрации с согласием собственника жилища;

2) документы, подтверждающие приобретение им в установленном порядке жилища в собственность, или предоставляющее право на вселение в жилище по иным основаниям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан (копию);

 

«Жилье» термині де, «жилище» термині де кейбір жағдайларда тұрғын үй деп аударылғын. Бұл жерде «жилье»-ні тұрғын үй деп, ал «жилище»-ні тұрғын жай деп қолданған дұрыс деп есептеймін.

«Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы

13 желтоқсандағы N 204 Заңы

Тұруға ықтиярхат

Вид на жительство

10-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері

Тұруға ықтиярхат алған көшіп келушілер Қазақстан Республикасында барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді мойнына алады.

 

Статья 10. Права и обязанности иммигрантов

Иммигранты, получившие вид на жительство, пользуются в Республике Казахстан всеми правами и свободами, а также несут обязанности наравне с гражданами Республики Казахстан, если иное не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан.

 

4-тарау. Көшiп келудiң түрлерi. Көшiп келушiлердiң келу тәртiбi. Тұруға ықтиярхаттар

 

Глава 4. Виды иммиграции. Порядок въезда иммигрантов. Виды на жительство

Хат деген сөздің өз мағынасы бар, қолхат, қолдау хат, өтініш хат және т.с.с. ал тұруға келген адамның «тұруға ықтиярхатқа» өтініш жазуы немесе «тұруға ықтиярхатты» тұратын адамға мемлекеттік органның ұсынуы құжаттың ресми мәртебесін төмендетеді. Ұсыныс: «Вид на жительство - Тұруға рұқсат»

ҚР Еңбек кодексінде «өтіл» сөзін «стаж» деп берген, ал 600-ден астам нормативтік құқықтық актіде «өтіл» сөзі кездеседі. Сондықтан ҚР Еңбек кодексінде де «өтіл» терминін қолданған дұрыс.

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы

N 1301 Қаулысы

15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мәліметтерді тіркеуі;

15) регистрация организатором государственных закупок сведений в журнале регистрации конкурсных ценовых предложений, представленных потенциальными поставщиками, допущенными к участию в конкурсе, конвертов с конкурсными ценовыми предложениями;

Әлеует сөзі «потенциал» сөзінің баламасы екені рас. Алайда «потенциал» мен осы жердегі «потенциалды» термині орысшада әртүрлі мағынада айтылып тұр. Бұл жерде болуы мүмкін, ықтимал деген мағынада қолданылады. Ал, «өнім берушілер» деген «дающие продукцию» болады, бұл жерде жабдықтаушылар деген дұрыс. Сонда «потенциальные поставщики» деген терминді «ықтимал жабдықтаушылар» деп аударған дұрыс.

1000-нан астам НҚА-да кездесетін «жылжымайтын мүлік» термині

«Недвижимость» және «Недвижимое имущество»

Екеуі де қазақ тілінде 2 сөзбен, яғни «жылжымайтын мүлік» деп беріледі

Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болғандықтан «Жылжымайтын мүлік» терминін қалдырып, орыс тіліндегі барлық нормативтік құқықтық актілердегі «недижимость» сөзінен бас тартып, мемлекеттік тілдегі мәтінге сәйкестендіру қажет.

 

 

0 пікір