Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4034 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 18:12

ОҚО-да «Еңбек күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов «Еңбек күні» мерекесіне арналған жұмысшылар мен еңбек династияларының облыстық форумына қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар тер төккен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады. Еске сала кетелік, Мемлекет басшысы еңбек адамы қоғамда лайықты түрде марапатталып отыруы керек екендігін жиі еске салып отырады. Расында, ерен еңбек қоғамда ерекше құрметтелуі керек.

Бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 28 азаматқа «Еңбек ардагері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі және облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары да құрмет пен қошеметке бөленді. 

Айта кеткен жөн, биыл Еңбек мерекесін атап өту жыл бойына тойланып, облыста түрлі іс-шаралар мен конкурстар ұйымдастырылуда. 

Еске салайық, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген. Осыған сәйкес, биыл аталған мейрам республикамызда үшінші рет аталып өтуде. Бүгінде облыста 9 Социалистік Еңбек Ері, 1 Қазақстанның Еңбек Ері тұрады. 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559