Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2747 0 пікір 6 Қыркүйек, 2010 сағат 06:50

Қасқабас Қазақ. Өскеменді қазақыландырамыз деп жүргенде орыстандырып алмайық!

Жақында ғана порталымызда қазақтың бір топ ақын-жазушысы, өнер қайраткерлері «Өскемен көшелерін қазақшалайтын кез жетті!» атты үндеуді жариялаған болатын. Өз үндеуінде Шығысқа қамқоршы зиялыларымыз: «Бірақ, адамына қарап, арызыңды айт дегендей, қазақы қаны бар, ұлттық намысы мен ары бар, рухы биік басшыларды күтіп жүргенде, Шығыс Қазақстан облысына көрнекті қайраткер, ел үмітін арқалаған саңлақ саясаткер, Елбасының сенімді серігі Бердібек Сапарбаев келгенде бір қуансақ, ол кісі Өскемен қаласына руханиятқа қамқор, іскер әкім Ислам Әбішевты тағайындағанда екі қуандық.. Ал олар алғашқы жұ­мыстарын Өскеменде Ұлы Абай ескерткішін тұр­ғы­зудан бастағанда сеніміміз алдамағанға көз жеткізе бастадық. Яғни, мақала дер кезінде жазылып, Қазыбек темірді қызған кезде соғып отыр. Ендеше, нәтижесі де кешеуілдемейтін шығар деп үміттенеміз», - деген болатын.

Бүгін редакциямызға бірнеше өскемендік ағайын хабарласып, «алдағы күндері өтетін Назарбаев пен Медведевтің кездесуіне орай қала біршама тазарып, әрленіп қалды. Есесіне өзі аз қазақы нышандарынан да тазарып қалғандай көрініп тұр» - деп өкпе-наздарын жасырмай айтты.

Шынымен де, қарап отырсақ, Өскеменнің орыстілді форумдары мен сайттары қалпақтарын аспанға атып: «Первое, что бросается в глаза, это вернувшееся название "Аэропорт" - вместо исчезнувшего «Эуежай", - деп қалпақтарын аспанға атуда.

Әрине, Ресейдің президентінің Өскеменге келуі жергілікті билік үшін керемет той болып көрінетін шығар. Алайда, орыс президенті келеді екен деп қаланы орыстандырудың не қажеті бар екен? Егер ертең, құдай өзі сақтасын, Қытай басшысы келсе, қаланы қытай иероглифтері мен атаулары басып кетпейтін шығар? Өткенде аталмыш үндеуге жапырыла қол қойған ұлтжанды азаматтар енді не дейді екен? Бір түрлі «неудобно» сияқты...

«Абай-ақпарат»

0 пікір