Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3040 0 пікір 25 Қыркүйек, 2016 сағат 16:49

Сарыағаштық шаруалар Ресейге қарбыз экспорттауды бастады

Сарыағаш ауданының диқандары алғашқы өнімдерін қыр асыра бастады. Мәселен, аудандағы Бозай ауылдық округінің шаруалары еліміздің солтүстік өңірлерін есептемегенде, таяуда көршілес Ресей мемлекетіне 137,1 тонна қарбыз жөнелтті. Еккен өнімді саудалап, қаржы көзіне айналдыру мәселесі ауданда жақсы жолға қойылған. Ол үшін Сарыағашта логистикалық орталықтар мен темір жол желісі күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күннің өзінде онда қарбыздан басқа ерте пісетін жемістер – өрік, шие, құлпынай, қараөрік пен көкөніс өнімдері сатылымға шыққан. Мұнан бөлек, алдағы он күн көлемінде ерте пісетін картоп, қауын базар сөрелеріне шығады деп жоспарлануда. Айта кетейік, биыл Сарыағаш ауданында 77460 гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егілген.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында отырарлық шаруалар өз өнімдерін Ресей нарығына шығарғандығын жазған болатынбыз.

Бүгiнде Сыр бойының сары торлама қауындарын Ресейдiң Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген кәсiпкерлер өздерi тасымалдап әкетуде. Мәскеудегi Домодедово халықаралық әуежайы мен «Фудсити» сауда орталықтарында сатылып жатқан қауындар мәскеулiктер мен шетелдiк қонақтардың сүйсiнiп жейтiн таңсық астарына айналған. Сол секiлдi Нева жағалауындағы «Ленинградтық өреңдер де» Сыр бойының қауынының дәмiн татуда.

 Ал, Балтакөлдегi диқандар ғылымға негiзделген, соңғы озық технологияларды пайдаланып 104 гектар алқапқа тамшылатып суару әдiсiмен пияз егiптi.

Диқандар әр гектарынан 60 тоннадан өнiм алуда. Бұл өнiмдер келiсiмшарт бойынша «Отырар қойма» ЖШС-нiң қоймасында сақталады. Сонымен қатар, 50 гектар алқапқа тамшылатып суару әдiсiмен күздiк пияз егiлiп бiттi. Аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы диқандардың өнiмдi еңбегiне ризашылығын бiлдiрiп, жұмыстарына табыс тiледi.

Abai.kz   

0 пікір