Сенбі, 24 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110250. Жазылғандар — 105566. Қайтыс болғандар — 1796
Жаңалықтар 2292 0 пікір 26 Қыркүйек, 2016 сағат 18:02

Шымкентте кезекті бауыр алмастыру отасы жасалды

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында тағы бір науқасқа кезекті бауыр трансплантациясы жасалды. Жергілікті дәрігерлер бұл операцияны итальяндық профессор Рисалити Андреа бастаған трансплантологтармен бірлесе өткізді. Тоғыз сағатқа созылған бауыр ауыстыру отасы сәтті аяқталды. Бүгінде науқастың жағдайы жақсы. Бұл туралы дәрігерлер журналистерге берген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында трансплантациялық қызмет қарқынды түрде дамып келеді. Мұнда үш жыл ішінде 70 бүйрек пен 6 бауыр алмастыру операциясы жасалды.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы - материалдық-техникалық жабдықталуы мен ағзадағы органдарды ауыстыру жағынан тәжірибесі мол және қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген орталық. Аталған ауруханада HLA-лабораториясы белсенді жұмыс істеуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда әр түрлі бауыр аурулары бойынша 90-нан аса науқас есепте тұрады. Бауыр ауруының  асқынған түрімен ауыратын науқастардың көпшілігі (гепатит, бауыр циррозы, бауырдың қатерлі ісігі) бауыр алмастыру отасын жасауға зәру.

Осы ретте трансплантация бағытындағы жұмыстарды дамытып, шетелдік мамандардан тәжірибе алмасу мақсатында Еуразиялық Медициналық Ассоциациясының Қазақстандағы өкілі Е.А.Ясылов пен Италия кәсіпкерлерімен және өндірісшілер конфедерациясының өкілі Армандо Рисалити арасында меморандум түзілген болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

0 пікір