Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3707 0 пікір 26 Қыркүйек, 2016 сағат 18:20

ОҚО әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шараға қатысты

ОҚО әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шараға қатысты

Өңір басшысы Б.Атамқұлов Мақтарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы мақта терімінің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шарасына қатысып, шаруалармен жүздесті. Кездесу барысында олар өнімнің түсімдігі мен сапасын және мақта шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданудың арқасында Мақтаралдағы 83 мың гектардан астам жерге себілген шитті мақтадан гектарына 19,6 центнерден өнім алынуда. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 34 мың тоннадан астам ақ алтын келіп түскен. Мақтаралдық диқандар биыл 200 мың тонна ақ ұлпа теріп алуды жоспарлап отыр. Биыл шаруалар мақтаның келісін 159 теңгеден өткізуде.

Мақталы аймақта болған облыс әкімі сонымен қатар, сүт өңдеу цехы мен май шығару цехын және мақта шикізатын өңдеу процесімен танысты.

Айта кетейік Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Қазақстанынң өңірлерінде ауылшаруашылығы еңбеккерлері мен аталған салаға демеу бері ісі Оңтүстік өңірде қарқынды жүргізіліп келеді. Әсіресе астықты алқап саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында аграрлық сектордың жұмысын ілгерілету мақсатында бірқатар алқымды шаралар атқарылуда. Солардың бірі жоғарыдағы Мақтаралдық диқандардың жемісті жұмыстары болып табылады.

Abai.kz


0 пікір