Сейсенбі, 26 Қаңтар 2021
46 - сөз 2836 0 пікір 27 Қыркүйек, 2016 сағат 10:20

КӨШ ТОҚТАМАСЫН

Қытайдағы қазақтардың ақпараттық сайттарын бір қопарып шықтым.
Ұзынағаштағы қанды қылмыс біраз жұрттың үрейін ұшырыпты.
«Өз жерінде тыныш жатса, аман жүрмес пе еді, қай қытай оларды үйінен, ауылынан қуыпты?» деген сарындағы пікірлер көп екен. 
Ақиқатын айту керек, бұл оқиға – Қазақ Еліне көшем деп қопаңдап отырған біраз жұрттың теңін қайта шештірері де даусыз. Өйткені, бұл жақтағы хабар оларға тіпті де зорайып жетеді.
Ал, бұл жабайы, кешірімсіз қылмысты ардан безген имансыздар жасады. Қазақ халқы емес!
Сол үшін шетелде тұратын ағайындарға барынша түсіндіру жұмыстарын жасайық.
Жер – Қазақтікі!
Ел – Қазақтікі!
Түбі осы мемлекеттің ыстығы мен суығына төзетін, ие болатын, әр сүйем жері үшін жанын беретін тек қана Қазақтар!
Қазақ пен Қазақ бөлінбесін!
Көш тоқтамасын!
Санымыз жүз миллионға жетсін!

Ұларбек Дәлейұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір