Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3675 0 пікір 27 Қыркүйек, 2016 сағат 13:21

«МАКСИМУМ» АИО» ұсынған шарттары қол жетімді!

Бүгін «Максимум» АИО басшыларының қатысуымен көктемгі егін-егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру бойынша Төлеби ауданында жеке кәсіпкерлер мен жергілікті диканшылармен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты - диқаншылардың қаржыны дер кезінде алып, орынды әрі тиімді пайдалануды түсіндіру.  

«Максимум» АИО басшылығы осы жылдың қыркүйек айынан 2017 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына несие алушылардың құжаттарын қабылдауды басталғаны туралы мәлімдеді және қаржыландыру шарттарымен таныстырды. Кездесу барысында «Максимум» АИО басшылығы диқандардың сауалдарына жауап беріп, қаржыландыру мәселесі қызу талқыланды. Орталық қызметкерлерінің  айтуынша, құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде қаралады. Мақұлданса, келер жылы ақша бөлінісімен құжаты дайын азаматтарға бірден таратылу жоспарлануда.

Қаржыландырудың басты шарттары:

  • Негізгі қарызды және несие бойынша пайыздарды өтеу - мерзім соңында;
  • Несиені мерзімінен бұрын қайтару – мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарылған несие үшін айыппұл есептелмейді.

Егін егу-жинау жұмыстарына бөлінетін қаражат жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлері үшін беріледі. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 9%-ды құрайды.

Қаржыландыру 2 түрде жүзеге асырылады:

  • 2 транштық несие желісі;
  • бірмезеттік несие;

Кепілдікке жер телімін немесе басқа қосымша кепіл затын ұсынуға болады.

Айта кетейік, жеңілдетілген несиеге кез-келген шаруа қол жеткізе алады.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525