Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3778 0 пікір 28 Қыркүйек, 2016 сағат 11:24

Матаевтардың үкімі үшінші қазанда шығарылады

Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі және Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа сот үкімі 3 қазанда шығарылады, деп хабарлады Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Ақболат Құрмантаев.

Осы іс бойынша оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев та сотталушы орындығында отыр. Оларға бюджет қаражатын жымқырды, салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағылды.

Сөз жарыстыру кезінде прокурар соттан Сейітқазы Матаевты алты жыл сегіз айға соттауын, ал Әсет Матаевты алты жылға соттап, мүлкін тәркілеуін және үш жыл кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуын сұрады.

Сотталушы Сейітқазы Матаев бұл айыптарды жоққа шығарып, істің дұрыс тексерілмегенін мәлімдеді. Әсет Матаев бүгін сотта істі өздеріне жасалған "рейдерлік" деп атады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3498