Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3858 0 пікір 28 Қыркүйек, 2016 сағат 17:33

Ордабасыда аналарға құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен "Аналар - шаңырақтың шаттығы" салтанатты шарасы өтті. Бұл туралы "Абай ақпарат" порталы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ордабасы аудан әкімі А.Мамытбеков барша ақ жаулықты аналарды мерекемен құттықтап, бүгінгі қоғамдағы әйелдердің орнына ерекше тоқталды. Саналы ұрпақ қалыптастырудағы ерен еңбектерін атап өтіп, барша аналардың алдында бас иетінін жеткізді. Осылайша, ауданымыздың алтын алқалы және ардагерлер аналарға ақ жаулық жауып, ниеттестігін білдірді.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан нәзік жандылар да сахнаға шақырылып, марапатталды. Қоғамдық шараларда белсенділігімен танылған азаматшаларға аудандық мәслихаттың Алғыс хаты тапсырылды.

Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты З.Маханова, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы М.Зәйтүнқызы еліміздің Тәуелсіздік алған жылы шаңырақ көтерген отбасыларды мерейлі тойларымен құттықтады. Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы ретінде Замира Сабекқызы ұстаздар арасындағы 25 жыл отасқан отбасыларын марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Мәні де мағынасы да терең шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты. Ескерте кетейік, мұндай шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жоқ Асыл жанды аналарға құрмет көрсетудің нақ үлгісін өңір басшысы Бейбіт Бәкірұлының өзі бастап көрсеткен болатын.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір