Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 5068 0 пікір 28 Қыркүйек, 2016 сағат 17:34

ҮШ ЖІГІТТІҢ МОНОЛОГІ

ҮШ ЖІГІТТІҢ МОНОЛОГІ

 

(Қапияда қаза тапқан азаматтардың рухына)

 

О, ағайын, тіл қатайын мен саған,

Көкжал едім кең даласын аңсаған.

Мүсіркеме, еркепін ғой еңселі,

Аласармас өр намысым, өр санам!

 

Күйкі тірлік күйбеңіне салса да,

Еңбек еттім ұрпағым деп жан сала!

Жүрек қаным тамды өзімнің жеріме,

Кіндік қаным өзге жұртқа тамса да!

 

Бұл далаға кімнің қаны тамбаған,

Жатыр мұнда сан боздағым, сан бабам.

Ғазиз жанын ұрпақ үшін тарк қып,

Асқақ даңқы қыран құстай самғаған.

 

Жатыр мұнда Ер Махамбет, Ер Кене,

Ер өлімі ескерткендей әлде не...

Егілме, елім, егілме таба болып дұшпанға,

Өлім ортақ ноқталы бас пендеге.

 

Жатыр мұнда Алаш Орда ерлері,

Ұрпағына үлгі болған еңбегі,

Тең жартысын аштан қырған жауына,

Бүгінгідей оянар ма ел кегі.

 

Жатыр мұнда желтоқсанның жастары,

Еркіндік деп төгілді ғой жас қаны,

Жатыр мұнда Алтынбек пен Заманбек,

Қазағының арқа тұтқан асқары.

 

От жүрегім Отаным деп оралған,

Менің жаным артық емес солардан.

Сенсің мынау ен даланың иесі,

Көтер басты, ей бауырым, оралман!

 

Патшам сұрап, уәзір көңіл бөлуде,

Аруландым Жетісудың жерінде.

Тәубеңе кел, Шам мен Бағдат елінде,

Қанша міскін босқын болып өлуде!

 

 

Жер бесігім, дархан далам құмайтты,

Сенде тірлік шаттандырды, мұңайтты.

Ел болдық деп қуанамыз күн сайын,

Ал, Ел болу оп-оңай деп кім айтты.

 

О, ағайын, тіл қатайын мен саған,

Көкжал едім кең даласын аңсаған.

Мүсіркеме, еркепін ғой еңселі,

Аласармас өр намысым, өр санам!

 

Мейірбан Жәнәбіл

28.09.2016

«Сен Қазақ» сайтынан дайындаған А.Мұқабай

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622