Жұма, 29 Наурыз 2024
Қарбалас 4511 0 пікір 1 Қазан, 2016 сағат 00:00

ХХ ғасырдың басы. Тарихқа жаңаша көзқарас

Қазақ ұлт-азаттық қозға­лысының жетекшісі, Алаш­орда автономиялық үкіме­тінің төрағасы  Әлихан Бөкей­хановтың 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту ша­раларының аясында Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагоги­калық универ­ситеті мен Қа­зақстан тарих­шы­лары қауым­дастығы­ның ұйымдастыруы­мен «Еура­зияның түркі және мұсылман халықтарының саяси көш­бас­шылары: тұлғалар, идеялар, тағдырлар. ХХ ғасырдың басы» атты халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конференция өтті, - деп жазады Егемен Қазақстан газетінің тілшісі.

Жиында қазақтың азаттығы жолында тер төгіп, егемендік үшін еңбек сіңірген, алғашқы ұлттық идеологияның негізін қалаған қайраткердің саяси келбеті туралы белгілі тарихшылар баяндама жасап, Алаш идеясын биік ұстайтын та­нымал тұлғалар сөз алды.

Конференция қатысу­шы­лары Ә.Бөкейхановтың ұлт тари­хындағы орнын, қоғам қайраткері, Ұлт-азаттық қоз­­ға­­лысының жетекшісі ре­тін­­дегі қызметін бүгінгі көз­қарас және методологиялық ұс­­та­­ным тұрғысынан қорыту мәсе­­­лелерін талқылады. Тарих ғылы­мының докторы, профес­сор М.Қойгелдиев барлық ұлт­шыл­дардың көшбасшысы бол­ған қайраткердің қазақ ұлтына қажет реформа үшін күресі туралы айта келіп, қазақ ұлттық идеясының мақсатына жете ал­мау себебі мен Алаш қозға­лысының жеңілу себеп­тері­не тоқталса, «Егемен Қазақ­стан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы, профес­сор Дархан Қыдырәлі Әли­хан Бөкейхановтың түркі ха­лық­тарымен байланысы және түркі әлемі идеясының тұтас­тығы туралы әңгіме­леді. Ұлттық болмысты жою­ға ұм­тылған саяси жүйенің мәдени мұрамызды талқандау мақ­сатымен тұтас ұлтты қайрат­кер­лерінен, іскерлерінен, рухани жетекшілерінен, білімді­лері­нен айырған озбыр саясатына қайраткер тұлғаның қар­сы­лығы Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Өңір­лік ха­бының басқарушы ко­м­и­теті төра­ғасы Әлихан Бай­ме­новтің ойымен тарқатылды.

Ал Қорғаныс министр­лігінің Әскери-тарихи музейі­нің ғылыми қызметкері, сая­саттанушы Берік Әбдіғали «Ә.Бөкейханов пен Алаш әскері» мәселесін сөз ете тұрып, Алаш идеясының жеңі­ліс табуының тағы бір себебін бірнеше рет үндеу жасалса да, мүдделес одақтастың, қара­жат пен маманның болмауынан атой сала алмаған Алаш үкіметінің әскерімен байланыс­тырып, көпшілікке беймәлім болып келген алашорданың әскері жайлы мұрағаттардан табылған тың деректермен бөлісті.

Профессор Көшім Есма­ған­бетов қайраткердің ғылы­ми мұраларын сөз етіп,  жаңа­дан табылған 40-қа жуық еңбе­гінің көптомдық жинаққа енбей қалуына қынжылыс таныт­ты. Ж.Баласағұн атын­дағы Қырғыз ұлттық универ­си­тетінің профессоры Асқарбек Беделбаев пен Ишаналы Ара­баев атындағы Қырғыз мемле­кеттік университетінің доценті Жұмағұл Байділдеев Әлихан Бөкейхановтың қырғыз зиялыларымен байланысын тарихи деректермен сабақтастыра отырып әңгімеледі.

Конференцияның екінші бөлімі Алашқа аянбай қызмет етіп келе жатқан абыройлы ғалым, әлихантану ісіне зор еңбек сіңірген профессор Мәмбет Қойгелдиевтің 70 жыл­дық мерейтойына арналып, айтулы ғалымның ғылы­ми қызметі мен азаматтық кел­­бетіне баға берген құттық­таулар жолданды.

Айгүл Аханбайқызы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558