Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Алашорда 19895 0 пікір 2 Қазан, 2016 сағат 11:40

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ҚҰРЫЛТАЙЫНА 24 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Ақорданың баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында бұдан тура 24 жыл бұрын, яғни, 1992 жылы Алматы қаласында Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы өткені туралы хабарлады. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысқан екен.

Осыдан 24 жыл бұрын 30 қыркүйекте өткен Құрылтайдың күн тәртібінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерін талқылап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаевтөрағаның бірінші орынбасары болып сайланды.

Түркиядандан Дәлелхан Жаналтай, Қазақстаннан Мырзатай Жолдасбек қатарлы қайраткерлер Төралқа мүшелері ретінде бекітіліп, суретші Бейсен Серікбай Құрылтай таңбасының авторы болды.

Бүгінгі күн – ерекше күн. Орта толды деген осы. Дәл осынау сәтте өзін қазақпын деп сезінетін әрбір адам жүрегі лүпілдеп, атамекеніне, тәуелсіз Қазақстанның астанасы Алматыға көз тігуде. Өйткені мұнда дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі исі қазақ атаулының өкілдері тұңғыш рет баста- рын қосып, алқалы жиын, салтанатты мәжіліс – Құрылтайға жиналып отыр. Күні кеше ғана мұндай болады деген ой көбіміздің қиялымызға кірмеген шығар. Енді, міне, аңсаған арманның тағы біріне қол жеткіздік. Сан ғасырға созылған отаршылдықтың бұғауынан босанып, таяуда ғана тәуелсіздік алса да, қысқа мерзім ішінде бүкіл айдай әлем түгел мойындап, абы- ройы асып үлгірген Қазақстан жұртшылығы сіздерді, ардақты ағайын, туған жерде құшақ жая қарсы алып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Мен Республика Президенті ретінде бәріңізді Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының сал- танатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға: «Туған жерге қош келдіңіздер!» - деймін», – деп ыстық ықыласын білдірген болатын.

 

Қазақ Елінің Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихында жаңа бет ашқан бұл құрылтайда және одан кейін де шетелде тұратын қазақтар үшін қабылданған арнайы заңдар өз күшіне енді. Сол арқылы әлемнің 40-қа жуық елінде өмір сүріп жатқан диаспоралар Қазақстанға ағылды.

 

Қауымдастықтың негізгі мақсаты әуелден-ақ, республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу болды. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Содан бері шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қауымдастықтың Маңғыстау, АтырауАқтөбеОңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда «Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

Қазақ көшін бір ізге түсірген, қабылданған жаңа заңдар негізінде, 1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды.

Ал, жақында ғана «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов Шынтөбе пікірталас клубының алғашқы отырысында бүгінге дейін елімізге шетелден шамамен 1 млн-ға жуық этникалық қазақ қоныс аударғанын сүйіншіледі.

Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% – Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% – Қытайдан, 9,2% – Моңғолиядан, 6,8% – Түрікменстаннан, 4,6% – Ресейден және 3,6% – өзге елдерден оралған қандастарымыз.

Олардың 21,2% – Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% – Алматы облысына, 13% – Маңғыстау облысына, 9,4% – Жамбыл облысына, 40,1% – еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.

Атақ қазақта «Елге ел қосылса құт, селге сел қосылса жұт» деген өсиет сөз бар. Алыстағы әр елден Ата мекеніне ат басын бұрған қазақтардың саны жылдан жылға молайып, өз отанында өсіп-өніп, тірлік кешіп келеді.

Осынау алып толқынмен қоса Қазақ Еліне мыңдаған өнер, мәдениет, спорт жұлдыздарымен қоса ел экономикасына өзіндік үлесін қосып жатқан жүздеген кәсіпкерлер де келіп, егемен елдің шаңырағын ортақ көтерісуде.

0 пікір