Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3360 0 пікір 5 Қыркүйек, 2010 сағат 06:46

Қазақ тілін қолдау акциясы өтеді

Қыркүйектің 2-сінде «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы М.Шахановтың бастамасымен қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың қайраткерлері, мерзімді басылымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдерінің басқосуы өтті. Басқосудың өзекті тақырыбы 2010 жылдың 22-қыркүйегінде қазақ тілінің - Мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына 21 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасының «Бейбіт шерулер туралы» Заңына сәйкес, 2010 жылдың 19-қыркүйегінде, (жексенбі күні) Алматыда өтетін «Мемлекеттік тілді қолдау акциясын» қалай өткізу туралы болды. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы М.Шаханов акцияның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін иеленгеніне 21 жыл толса да Қазақстан халқын біріктіретін, олардың басын қосатын негізгі факторға айнала алмауы екенін баса айтты. Акция уақыты 19-қыркүйекке (сағат 11-00) қойылды.

Басқосу барысында «Азат» ЖСДП-ның хатшысы Ә.Қосанов, «Мұрагер» продюсерлік орталығының директоры Е.Әбіш, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының лидері Д.Бабамұратов, «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары Нұржан Ошанбеков, «Тасжарған» газетінің бас редакторы Ермұрат Бапилар және басқа да зиялы қауым өкілдері өз ойларын айтып, акцияның мазмұнды өтуіне байланысты пікірлерін білдірді.

Басқосу соңында «Мемлекеттік тілді қолдау акциясын» өткізуді ұйымдастыратын жұмысшы топ құрылды.

М.АЛДАБЕРГЕНОВА

«Абай-ақпарат»

0 пікір