Жұма, 29 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4587 0 пікір 2 Қазан, 2016 сағат 13:42

"ЖІБЕК ЖОЛЫ" ОТАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ БРЕНДІ БОЛУЫ ТИІС

Ежелгі Жібек жолын жаңаша жаңғырту елдегі туристік саланың ғана емес, басқа салалардың дамуына да серпін бермек.

Елордалық туризм қауымдастығының басшысы Рысты Қарабаева Астанада өткен Қазақстан-Қытай форумында: «Біз Қытай туристерін немен қызықтыра аламыз? Менің ойымша, біздің брендіміз Жібек жолы – Қазақстан бола алады. Егер Жібек жолы дәліздерін қарап отырсаңыз, 2014 жылдан бері Қазақстан арқылы  Чанъань-Тянь-Шань дәлізі өтеді. Егер Жібек жолының сауда нарығына қарасақ, ол жақта Қазақстан мүлде болмағандай: Қазақстанға соқпай өтетін Қырғызстан, Өзбекстан біріктірілген бағыты жүріп өтеді, одан ары қарай Қытай. Осы олқылықтың орнын толтырып, Жібек жолындағы өзімізге тиесілі орынды иемденетін кез келді деп ойлаймын», – деп мәлімдеді.

Жібек жолының қазақстандық дәлізінде көне қалалар өте көп. Олар негізінен Жетісуда, Таразда және Алматы облысында орналасқан. Олардың көбі ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енген. «Аталған қалаларды көріктендіріп, туристік бағыттарға қосу қажет», – деді қауымдастық басшысы.

Сонымен қатар форумда сөз алған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев жыл сайын Астанада Жібек жолының Экономикалық белдеуіне қатысушы елдердің туристік форумдары мен көрмелерін өткізіп тұруды ұсынды. «Жібек жолының Экономикалық белдеуін құру туралы идеяны Син Цзиньпин мырза 2013 жылы алғаш рет Астанада айтқандығын атап өтуіміз қажет. Қытайдың сыртқы саясатын түсінеміз, олар үшін Жібек жолын жандандыру стратегиялық жағынан маңызды. Осы әріптестікті жандандыру үшін бізге мұндай шараны Астанада өткізу тиімді», – деді ол.

Талқылауда модератор болған «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева осы ұсынысты форумның қарарына қосуға уәде берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580