Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3718 0 пікір 2 Қазан, 2016 сағат 21:07

Барлау жұмыстары басталды

Қаратау тәжі атанған Кентау қаласының тізгінін ұстаған азаматтар бір кездері басынан бұлбұл ұшқан бағын қайтару жолында қызу жұмыс жүргізуде. Кезінде тыныс-тіршілігі қыж-қыж қайнаған қалада кейінгі жылдары өлі тыныштық орнап, жергілікті тұрғындардың көбі көшіп кеткен болатын. Енді, міне, кенді қалада қызу тірлік қайта бастау алуда.

Осыдан біраз уақыт бұрын мыс, темір рудаларын барлау мақсатында бірқатар қадамдар жасалған болатын нәтижесінде бүгінде аталған рудаларды бұрғылау жұмыстары басталып кетті. Бұл жұмыстардың қалай жүріп жатқандығын білу үшін қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен кен өндіру ісінің мамандары «Қызыл ата» кен өндіру орнында болып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты.Тынымсыз жүріп жатқан жұмыстардың барлығын аралап көрген қала басшысы қолға алынған игі іске көңілі толды. Кен барлау жұмыстарының  алғашқы нәтижелері көңіл қуантарлық.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қызыл ата» кен өндіру жұмыстарын қолға алған  «Айқараауыл» таукен компаниясы жұмысты тиісті деңгейде жүргізіп отыр екен. Бүгінгі таңда  кен өндіру орнында 25 адам тұрақты жұмыс атқаруда. Қажетті техникалық жабдықтармен және көлік құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта жұмыс көлемі ұлғайып, жұмыспен қамтылатын адамдар саны да артпақ.

Қарт Қаратаудың баурайындағы Кентау осылайша байырғы келбетін қайтарып, алдағы уақытта кен орындарындағы тіршілік бүгінгіден де қыза түседі деген сенім бар. кентаудағы трансформатор зауытының өнімдері бүгінде облысқа ғана емес республика аумағына тарап, тұтынушылардың зор сеніміне ие болған ірі кәсіпорындардың бірі.

Abai.kz

0 пікір