Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021
46 - сөз 2560 0 пікір 3 Қазан, 2016 сағат 12:26

ТРАМВАЙ-ТАКСИ

Бір қырсық трамвай-таксишіге тап болдым. 

Оң қатарға тұрып алып, қол көтереді-ау деген адамдардың қасына тоқтай бергісі келетін адам екен. Мені жолдан бір əкетті "Екі минөт брат!" деп. Артта тағы екі адам отыр. Жолдан тағы екі адамды ала кетпек. 

Арттағылар: 

- Өй! Бұларды қайда отырғызасың? - деп мазасызданып жатыр. 

Мен де шыдамай:

- Ала бер, əкесс! Мен таксидің қасында жүгіріп барам! - деп тарс еткіздім. 

Шопырдың көңілі жоқ. Біздер ыржалақтап бара жатырмыз. 

Жететін шығармыз алдыдан тағы адам шықпаса...

Айдос Сарым

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір