Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 6899 0 пікір 3 Қазан, 2016 сағат 12:38

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ АРАСЫНДА САЛАФИТТЕР БАР МА?

Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары, шоу-бизнес өкілдері арасында дінге жақын, бес уақыт намазын оқып, шариғатты ұстанатын тұлғалар аз емес. Осы орайда сол атақты адамдардың арасында салафизм ағымын ұстанатындар бар ма деген заңды сауал туындайды. “Жұлдыздар құпиясы” порталы еліміздің танымал тұлғаларының діни өміріне сараптама жүргізіп көрді.

Әрине, біреуді ханафи мазһабында, енді біреуді теріс ағымда деп бөліп жарудан аулақпыз. Дегенмен, отандық жұлдыздардың ішінде дінге өте жақындарын атап өтуді жөн санадық.

Ең алдымен танымал адамдардың дінге беріктігі сөз болғанда ойымызға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан оралады. Ұдайы сақал қойып жүретін Бекболат мырзаның дін туралы толғамдары интернетте көптеп кездеседі. Әсіресе, Бекболат Тілеуханның Дарын Мубаровпен дастархандас болып отырған видеосы желіде қызу талқыланған бір кездері. Еске сала кетейік, бұған дейін отандық БАҚ Дарын Мубаровты салафизм ағымын ұстанушы деп айыптаған болатын. Ақ-қарасын білмегесін артық айтудан аулақпыз, сіздердің назарларыңызға тек сол видеоны ұсынуды жөн санадық.

Ендігі кезекте танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев.

Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын қазақ Балғынбекті де ерекше жақсы көретін секілді. Интернетте Балғынбектің жас айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовпен өткен діни айтысы есімізге түседі осы орайда. Бекболат ағасы секілді ұдайы сақал қойып жүретін Балғынбек те ислам дінін берік ұстанатын өнер жұлдыздарының қатарынан.

Тағы бір танымал тұлға ол – Алтынай Жорабаева. Хиджап киіп фотоға түскен сәттен-ақ Алтынайдың дінге беріктігі байқалды. Еске сала кетейік, 2011 жылы Жорабаева жүрек қалауымен намаз оқи бастағанын халыққа мәлімдеген болатын. Алтынайдың өнердегі сіңлісі Әйгерім Қалаубаева да шариғатты ұстанатын әнші.

KZ тобының экс-солисі, жас әнші Бейбіт Көшқалиев шығармашылығын шыңдаумен қатар, мұсылмандық парызын өтеп, намаз оқиды. Бейбіттің шоу-бизнестегі ағалары Мейрамбек Беспаев пен Қыдырәлі Болман да мұсылмандық парызы туралы еш ұмытпайтын секілді.

Жуырда әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Беспаевтің Қайрат Жолдыбайұлының кітабын оқып отырып түскен суреті, әншінің тура жолда екенін айғақтайды дейді дінтанушылар. Сондай-ақ, жуырда Алматыдағы мешіттердің бірінде азан шақырған “Жігіттер” квартетінің солисі Ердос Қанаевті де осы тізімге қосса болады.

Атап айта беретін болсақ, еліміздің танымал тұлғалары мұсылмандық парыздарын ұдайы өтейтіні сөзсіз. Біз солардың кейбіріне ғана тоқталдық. Алайда, олардың арасында теріс діни ағымды ұстанатындар бар ма, жоқ па, ол жағын дөп басып айта алмаймыз. Олардың арасында салафизм секілді ағым өкілдері бар болса, халық өзі есімдерін айта жатар деп сенеміз.

Жоғарыда өзіміз атап өткен өнер жұлдыздарына шығармашылық табыс пен бес уақыт намаздары ұдайы қабыл болсын деп тілейміз.

juldizdar.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610