Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2917 0 пікір 3 Қазан, 2016 сағат 21:05

Оңтүстік кәсіпкерлері Астана көрмесіне қатысты

Астана қаласында «Astana-Leisure» қазақстандық халықаралық туристік көрмесі өз жұмысын бастағаны белгілі. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл көрме Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Индия, Қытай, Корея, Мальдивы сынды алыс және жақын шет елдерінің 114 туристік бизнес ұйымдарының өкілдерінің басын біріктірді.

Ал Оңтүстіктен Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшілігімен туристік және қонақ үй индустриясының 15 өкілі қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жылдары туризм саласына айрықша назар аударылып жатқан оңтүстіктің әсем табиғаты мен тарихи орындары бұл саланың дамуына барынша мүмкіндік береді. Сол себепті де болса керек, көрмеге қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысына орасан зор қызығушылық танытып, бір көрменің өзінде 20-дан астам әріптестік ынтымақтастыққа қол жеткізілді.

Ендігі жерде бұл келісімдердің арқасында туризм саласы халықаралық деңгейге дейін көтеріліп жатса, бұл облыс экономикасына айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. Жалпы, туризм - әлем бойынша ең табысты және экологиялық тұрғыдан таза кәсіп түрі есептеледі. Туризм дамыса, біріншіден, жұмыссыздық саны төмендесе, екіншіден, жергілікті тұрғындар үшін өзін өзі жұмыспен қамтушылар мен олардың табыс көзінің артуына себеп болады.

Abai.kz

0 пікір