Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2643 0 пікір 4 Қыркүйек, 2010 сағат 08:24

«Қазгидромет» Астанада үсік жүретінін ескертеді

Алматы. 4 қыркүйек. ҚазТАГ - «Қазгидромет» Астанада үсік жүретіні туралы дауылдық ескерту таратты.

«Астана қаласында қыркүйектің 4-інде түнде топырақ беті тоңазытып, 0-2 градус үсік жүреді», - делінген гидрометқызметтің хабарында.

Бұл тұста, ТЖМ мәліметтерінше, Қазақстан территориясының басым бөлігі сенбі күні ауқымды антициклон ықпалында болып, шығыс бөлігінде үсік жүруі жалғасады.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-23 м/с-қа дейін жел күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды боран соғады, жел 17-22 м/с-қа дейін көтеріледі. Ақмола, Павлодар Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 0-2 градус үсік жүреді. Маңғыстау, Атырау облыстарында аптап ыстық сақталады, Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте күшті ыстық болады. Қазақстанның оңтүстігінде, орталығы мен батысының кей жерлерінде, шығысы мен оңтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде судың деңгейі құбылмалы болады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына құйылатын су ағысы азаяды.

ТЖМ сондай-ақ алдағы аптадағы агрометеорологиялық болжамға сай - 4-10-шы қыркүйекке Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді, басқа территорияда бірқалыпты температура сақталады. Кезеңнің басында батыста екпіндетіп жел соғып, жауындатады, кезеңнің ортасында - солтүстік пен орталықта, кезеңнің соңында - оңтүстік пен елдің шығысында осындай ауа райы болып, ол егістіктің жиналу қарқынын бәсеңсітеді.

«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы күн күркіретіп, нөсерлеткен жауын мен желдің күшейуі малдың жайылуына кесірін тигізіп жемшөп дайындауды қиындатады», - делінген агрометеорологиялық болжамда.

0 пікір