Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3270 0 пікір 12 Қазан, 2016 сағат 11:15

"ЧИСТАЯ ПОДСТАВА"

Арыстанбек Мұхамедиұлында алты аласым, бес бересім жоқ. Ашығын айтқанда, бұл өзге ілік таппағаннан кейінгі іріткі салу сияқты.

Мұндай лас тірлікті ұйымдастыру кімге керегін министр мырзаның өзі білетін шығар, əрине. Сөзім бұл емес. Белгілісі, дəлелсіз, үйтіпті-бүйтіпті деген де жаңалық па осы? Олай кінəлəй берсе, өнер жолында жүргендердің бəріне күйе жағуға болады. Бірақ, тасадан тас ату жаман қылық.

Министрліктің жұмысына тиісе алмаған соң, жеке басқа "боқ" жағып, Абайша айтқанда "виновать" ету адамгершіліктің ауылынан алыс екені бесенеден белгілі. Сотта дəлелдесін. Дəлел жоқ па, босқа əуре болудың қажеті не? Бұлай мемқызметте отырған əр министрге қисынсыз "мін" таға берсек, білгендігіміздің қайда қалғаны? Видеоны көрдім. Бəлендей қолмен ұстап, көзбен көрген біреу жоқ. Маған "өйдеп еді, бүйдеп еді", деп пəлен жыл өткен соң, "сайрау" орекеңнің тілімен сүйемелдесек, "чистая подстава". Ал, "бұрынғы ректордың" солай, деп айтқанына куə жоқ. Сондықтан, басқалай айту бекерлік.

Алмат Әбдіраман

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір