Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2708 0 пікір 3 Қыркүйек, 2010 сағат 12:40

Мәжіліс депутаты Елекеев Қазақстанда муниципалдық полиция құруды ұсынды

Астана. 2 қырқүйек. ҚазТАГ -  Айгүл Түлекбаева. Депутат Ирак Елекеев бейсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстанда муниципалдық полиция құруды ұсынды.

«Құқық қорғау жүйесін құрудың еуропалық тәжірибесіне қарайтын болсақ, көптеген пайдалы жақтарын алуға болады, мысалы жергілікті атқарушы органдарға бағынатын муниципалдық полиция құруды», - деді И. Елекеев.

«Егер арамызда облысты, ауданды басқарған депутаттар бар болса, бұл идеяны қолдайды деп ойлаймын», - деп жалғастырды ол.

Мәжіліс депутаты республикадағы қылмыстық жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді. «Алматыда тамыздың 12-інен 16-ына дейінгі бір аптаның ішінде 4 адамды өлтірген, ал белгілі бизнесмен - ( Салдузи -ҚазТАГ) із-түссіз кеткен. Кісі өлтірудің көбі алдын ала мәліметтерге сәйкес, тапсырыс болып табылатыны қорқытады»,-деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563