Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4750 0 пікір 19 Қазан, 2016 сағат 07:40

ӘРУАҚ ҺӘМ ШИРК

Қазекем Тәуелсіздік алғанға дейін "аруақ, аруақ" деп келген еді. Қалай Тәуелсіздікке қол жеткізді, "ширк" деп айтатын ұрпақ пайда болды.

Аруақпен ойнауға болмайды. Қазақ үшін жанын берген ата-бабамыздың рухына тіл тигізбей, мұсылман болуға болмай ма? Отан үшін өліп кеткен қайраткерлеріміздің мұсылмандығы бүгінгі дүмшелерден мың есе артық қой. Алланың атын жамылып Куликбаев секілді бейбіт тұрғынның жанын қиған лаңкестерден қарағанда, өлген анасының, я болмаса әкесінің аруағын еске алып, бұл өмірде жаманшылық жасамай жүрген адамдар артық шығар. Қалай ойлайсыздар?

Жалпы исламда бокс деген нәрсе жоқ. Пайғамбардың сүннеті емес. Бокс адамның денсаулығына зиян ғой, шындығына келгенде. Сосын бар ғой, танымал тұлғалардың аузынан шыққан сөзді дұрыс деп санайтын ұрпақ өсіп келе жатыр...

Бауыржан Карипов

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір