Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 3542 0 пікір 19 Қазан, 2016 сағат 08:09

ҚҰНАНБАЙ - ДІН БІЛГІРІ

Құнанбайды озбыр феодал, қатыгез билеуші деп біліп келдік. Ал, қазақ тарихындағы бұл көрнекті тұлғаның дін білгірі, Меккеден келген соң дүние ісінен бас тартқан үлгілі мүмін болғандығын біз көп жағдайда ұмытып кете береміз.

Көркемдік шындықтан тарихи шындықты ажырататын кездер болады. Нағыз Құнанбайды тану арқылы біз тұғыры шайқалған заманның бет-бейнесін таныр едік, Ресейдің отарлау саясатының әдіс-тәсілдерін ұғар едік және соған қарсы күресіп, елді сақтап қалуға барын салған осындай тұлғалардың қайраткерлігінен тәлім алар едік. Құнанбай қазақтың басынан бақ тайған дәуірде ғұмыр кешкен трагедиялық тұлға. Сол себептен де оның тағдыры мен қызметіне біржақты қарауға болмайды. Ол Абай атты ұлы дарияның асқар шыңдағы мұзды бастауы. Сонысымен де Құнанбай қазақтың аяулысы, бүкіл қазақтың қамқоры сияқты көрінеді бізге.

Ақберен Елгезек

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір