Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3284 0 пікір 1 Қыркүйек, 2010 сағат 09:06

Мағбат Спанов. Біздің қарызымыз жеті ұрпаққа жетеді...

Осыдан аз ғана уақыт бұрын Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен «Самұрық-Қазына» қорының кеңейтілген отырысы болып, онда ұлттық компаниялар Қорға қатысты есеп беріп, алдағы жоспарларымен, даму стратегиясы бағытымен ой бөліскен болатын. Аталмыш жиында үкімет басшысының алдында «Самұрық- Қазына» қорының атқарған жұмыстарын тізбектеген Қайрат Келімбетов биылғы жылдың бірінші жартысындағы Қордың таза кірісі 200 млрд. теңгеге жуық екенін айтты.

Осы алпауыт қор жоғарыда айтылғандай ірі табыстарға жетіп отыр ма, жалпы қазіргі ел эконо­микасының жайы қалай деген сұрақ­тар төңірегінде жуықта «АйтПарк» клубында экономист Мағбат Спанов тілшілермен ой бөлісті.

 

Осыдан аз ғана уақыт бұрын Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен «Самұрық-Қазына» қорының кеңейтілген отырысы болып, онда ұлттық компаниялар Қорға қатысты есеп беріп, алдағы жоспарларымен, даму стратегиясы бағытымен ой бөліскен болатын. Аталмыш жиында үкімет басшысының алдында «Самұрық- Қазына» қорының атқарған жұмыстарын тізбектеген Қайрат Келімбетов биылғы жылдың бірінші жартысындағы Қордың таза кірісі 200 млрд. теңгеге жуық екенін айтты.

Осы алпауыт қор жоғарыда айтылғандай ірі табыстарға жетіп отыр ма, жалпы қазіргі ел эконо­микасының жайы қалай деген сұрақ­тар төңірегінде жуықта «АйтПарк» клубында экономист Мағбат Спанов тілшілермен ой бөлісті.

 

«Мұнай мен газға байланысты алсақ, экономикалық жағдай бір­қалыпты: кіріс бар, бірақ қаржы бей-берекет жұмсалуда. Үкіметте эконо­микалық стратегиялар үшін кім жауапты екенін білмеймін. Ең ақыры, шағын және орта бизнестер 3 жылда бір рет тексеруден өтетінін салыстырсақ, Даму институттары құрылғалы бері 6 жыл болса да, бір рет бақылауға алынып, тексерілмеген! Осынау атынан ат үркетін Даму институттарына бөлінген мемлекет қаржысы арнайы депозиттерге салынып, оның жылына 82 па- йызынан пайда көретіні жасырын емес. Дамыту бағытында салынған ақшалар, банктердің депозиттерінде сіресіп жатқан соң, не айтуға болады? Ал бұны тексеретін үкімет адамдары имидж жасау бағдарламаларымен қызу айналысудан әріге аса алмайды. Жалпы, статистикалық мәліметтердің шындыққа жанаспайтын сәті жиі кездесетінін ескерсек, биліктегілер тарататын мәліметтер мен нақты сандардың да арасы жер мен көктей болатыны жасырын емес», - дейді экономист.

Сондай-ақ Мағбат мырза әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты өз сөзінде: «...Бізде мемлекеттік басқару саласы дағдарысқа ұшырады. Қайта осы қаржылық дағдарыс үкімет жіберген қателіктердің көпшілігін жасырып-жапты. Өйткені әлемдік өнімнің ең болмаса 10-15 пайызын өндір­мейтін Қазақстан үшін бұл дағдарыстан келіп-кетер ештеңе жоқ, есесіне орындай алмайтын бірталай жұмыстарын «сызып» тастауға қолай­лы кезең болды. Қыруар атқарылуға тиіс тірліктер дағдарысты желеулетіп, желге ұшты», - деген Спанов мырза Даму институттарының қазіргі кез­дегі жасап отырған жұмыстары жө­нінде «қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетедінің» кері болып отырғанын айтты.

Клуб модераторы Нұрлан Ерімбетов елімізде орташа жалақы есебі саналатын 81000 теңгемен қазіргі таңда күнелту мүмкін бе деген сауалмен экономистің ойын ұштады. Үкімет бекіткен бұл сома мен стат­агенттіктер беретін мәліметтерге аса сақтықпен қарауды айтқан Мағбат мырза «Қазақстан-2030» стратегиясына сәйкес, мемлекет білікті мамандарымен бекитінін, қазіргі үкіметті басқарушы мен оның айналасын­дағылардың экономика теориясы, заңдылықтарынан хабары аз, біліктілігі төмен, тіпті жоқтығын да баса назарға алды.

«Үкімет өздерінің атқарып отырған істерін нақты ұғымды тілде түсіндіріп бере алмайды. Өйткені үкімет басшысы экономист емес, бар болғаны  - қаржыгер. Сондықтан да ол басым тірліктерін қаржылық жағынан ғана шешуге бейім. Яғни ақша бөлінген проблемалардың барлығы шешіле береді деп сенеді. Ақша көбейген са- йын сұраныстың да артатыны - заңды­лық, яғни 81000 теңгеге өмір сүрген адамға 150000 теңге берсең, осы со­ма­ға қарай шығын есебі де өсе береді. Бірақ қазіргі кезде бізде бұл сома мен тұтыну заттары бағасының арасы тым алшақ», - дейді Мағбат Спанов.

Экономистің сөздерінен ұққаны­мыз - үкімет пен министрліктегілер ақшаны табудың емес, жұмсаудың түрін жетік меңгерген. Сыртқы қарызы шаш етектен келетін Қазақстанның көлеңкелі табыс табу көздері ел қаржысының жартысын жұтатынын ескерсек, жеті ұрпағымызға жетерлік берешекке батқанымыз тағы бар.

Баға тұрақтылығына қатысты сұраққа Мағбат мырза қымбатшы­лықтың, қалай болғанда да, қос бүйірден қыса беретінін айтты. Бұған негізгі себептің бірі Кедендік одаққа кіргеніміз, яғни тұтынатын тауарлары­мыздың басым көбі шетелден келетіндігі. Ал Ресей ендігі кезекте Еуропаның қақпасын біз үшін жабады, осының салдарынан Қазақстанда баға аспандамаса, төмендемейді. «Импортты азық-түлікке тәуелді елімізде инфляция да өсе бермек. Өйткені бізде өндірістік емес шығын­дар өте көп», - дейді экономист.

Экономистің пікіріне қарағанда, Қазақстан экономикасының көлеңкелі сектордағы үлесі 50 пайызды құрайды екен. Бұл саланы түп-тамырымен құр­ту мүмкін емесін сөз еткен Мағ­бат мырза, сонда да болса, осы зияны көп сектордың көзін жартылай жабу арқылы елдегі проблемаларды шешуге әбден болатынын айтады.

Әлемдік экономикада «кедейшілік» деген ұғымның бары рас, бірақ біздегі билік мұны да алдарқату үшін «орташа өмір сүру деңгейі» деген атау ойлап тапқан сияқты. Міне, сол күн-көрістің орташа бағасын үкіметтегілер өздерінше есептейді. Ал әлемдік экономика заңдылықтарына сүйеніп, егер адам бір күнде 4 долларға өмір сүреді деп есептесек, онда біздің елдегі кедейшіліктің үлесі 12 пайыз емес, одан көп болғаны. Әрине, бұл жерде Африкамен Қазақстанды салыс­тыруға келмейді...

«Бізде жылына 50-60 млн. тонна мұнай елімізден сыртқа шығарылады. Мысалы, 2009 жылы 75 млн. тонна мұнай өндіріліп, оның бар болғаны 10-15 млн. тоннасы «Қазмұнайгазға» тиеселі болса, қалған 60 млн. тоннадан бар болғаны бонустар мен экспорттық алым-салықтарды ғана місе тұтыппыз. Бұған қосымша, жергі­лікті тұрғындарды жұмыспен қамти  отырып, ел бюджетіне салық арқылы өз ақшамызды саламыз. Пайданың басым бөлігі шетел асады», - деді Мағбат Спанов.


Меруерт ХУСАИНОВА,

«Общественная позиция» газеті (проект «DAT» № 29 (66)  25 тамыз 2010 ж.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610