Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Айтқыш екен 5724 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 13:08

ОРЫСТІЛДІЛЕР ЦИФР ТАНЫМАЙДЫ

Түрік азаматы:

- Қазақ теңгесінің бетіндегі жазу неге екі тілде? «Бес мың теңге» деген соң оның қасына «Пять тысяч» деп жазудың қаншалықты қажеті бар?

Дос Көшім:

- Қажет. Себебі, біздің орыстілділер цифр танымайды.

Түрік азаматы:

- Көше атауларының екі тілде жазылуы не үшін керек?

Дос Көшім:

- Керек. Себебі, орысша жазылмаса, біздің орыстілділер адасып кетеді.

Abai.kz

0 пікір