Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4055 0 пікір 29 Қазан, 2016 сағат 15:02

Түркістанда Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Түркістан қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, ата-баба рухына құран бағыштаудан басталған басқосу Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да жалғасын тапты. 

Жиында баяндама жасаған Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев республикамыздың барлық өңірінде қоғамдық келісім кеңестерін құру жөнінде тапсырма бергендігін атап өтті. Елбасы тапсырмасы аясында облысымыздың барлық аудан, қалаларында 201 Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту бағытында нәтижелі жұмыс істеп жатқанына тоқталды. 

Келелі басқосуда зиялы қауым өкілдері мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары елдің бірлігін бекемдеу бағытындағы ойларын ортаға салды. 

Жиында облысымызда жұмыс істеп жатқан барша кеңестердің басын қосатын «Келісім» қауымдастығын құру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратовтың ұсынысына көпшілік қолдау білдірді.

Абай ақпарат

0 пікір