Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3855 0 пікір 29 Қазан, 2016 сағат 15:06

ОҚО-да 120-дан астам шетелдік ғалымдар қатысқан ІІІ Халықаралық конференция өтуде

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Өндірістік технологиялар және инжиниринг»  атты ІІІ  халықаралық конференция  өтуде.  

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму перспективасы мен ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін коммерциялау мәселелері қаралған конференцияға облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Парламентінің өкілдері, Италия, Германия, Индонезия, Америка Құрама Штаттары, Словакияның шетел дипломатиялық қызмет - елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері қатысты.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және табиғат пайдалану мен халықаралық экология академияларының академигі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бишімбаев Уалихан Қозыкеұлының 70 жылдығына арналып отырған конференция жұмысына 46 елден 120-дан астам белгілі ғалымдар қатысуда.

 Халықаралық конференцияда бандама жасаған облыс әкімі еңбектің ең үлкені – Білім екенін атап өтіп, жаһандану процесі барысында біз білім  сапасына ерекше көңіл бөлуіміз қажеттігін назарға алды.

«Соңғы жылдары республикамызда ғылымның барлық салалары үлкен ірі жетістіктерге қол жеткізді. Осы жетістіктерге үлес қосып отырған Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  ұжымының орны бөлек. Еліміздің ғылыми саласында университет,  көптеген жылдар бойы жоғарғы дәрежеге ие болып келеді, көптеген жетістіктер мен марапаттары бұған куә. Бұл, ғылыми мектептердің ары қарай дамуының кепілі. Бүгінгі өткізгелі отырған конференция осы ғылыми мектептің негізін қалаушы техника ғылымдарының докторы, профессор Уалихан Қозыкеұлына арналуда»,-деді әкім.

Сөз соңында Ж.Түймебаев «Өндірістік технологиялар және инжиниринг» атты үшінші халықаралық конференцияның жұмысына сәттілік тілей отырып, университеттің барша профессор-оқытушылар құрамына алдағы еңбектеріне шығармашылық шабыт, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

Конференцияның секция жұмыстары химиялық технологиялар, мұнайхимия, био - және нано технологиялар, құрылыс, тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешені, экология және табиғатты тиімді пайдалану, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық арнайы көрме форматындағы жаңартылған энергетика, энергияны сақтау және АТ-технологияларды дамытудың перспективті бағыттары бойынша жүргізілуде.

Абай ақпарат 

0 пікір