Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4379 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 20:29

Шымкентте мал соятын арнайы бекет ашылмақ

Жуырда облыс орталығы Шымкент қаласының Бозарық шағынауданында жаңа мал сою бекеті ашылмақ. Аумағы бір гектар жерді алып жатқан бекетте күніне 200-ден астам ұсақ мал союға мүмкіндік бар.

Аталмыш бекет жеке кәсіпкерлер есебінен тұрғызылып жатыр. Жуырда қаланың дәл ортасындағы Дулати көшесіндегі жеке үйлерде мал союға тыйым салынып, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бұл кәсіптерін жалғастыру үшін қала аумағынан жер телімін бөлген-ді.

Нәтижесінде қаланың орталығында орналасқан үйлерде мал саудасы мен оны бауыздау кәсібін тоқтату туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта қалалықтар заман талабына сай үлгіде салынған бекеттен мал алып, сол жерде сойдырып ала алады.

Айта кетейік, жақында Түркістан қаласында жаңа мал базары қолданысқа берілген болатын. Түркістан қаласында тағы да айтулы шара. Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында  қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Көптен бері шешімін таба алмай келе  жатқан түйткілді мәселе бүгін оң нәтижеге қол жеткізуде. Ол «Нұр-Әсем» мал базарының ашылуы. Ашылуға арнайы барып лентасын қиған қала әкімі базар ұжымына табыс тіледі. 

 Базар басшылығы-жеке кәсіпкер Әбсәмат Мәткәрімұлы стандартқа сай соңғы үлгідегі, ашылған бұл орында екі жүз адамды жұмыспен қамтитынын тілге тиек етті.

Түркістан қаласы және ауылдық округтердің негізгі күнкөріс саласы мал мен егін шаруашылығы екені  белгілі.Жыл өткен сайын мал басының артуы көңіл қуантады.Соның ішінде ІҚМ басы 81994 бас  106,5%-ға, қой-ешкі 437577 бас 104,5%-ға, жылқы 9983бас 108,5%-ға, түйе 2742 бас 105,4%-ға артты, шошқа 1089 бас, 82,4% құраған.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында мал басын асылдандыру саласы да ілгері дамып келеді.  Бүгінгі таңда ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Соның ішінде жеке кәсіпкерлікті қолдау.

Abai.kz

0 пікір