Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3811 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 20:52

Оңтүстік Қазақстан облысы «ЭКСПО-2017» көрмесінде ерекше назарда болмақ

«Ontustik Tourism-2016» Халықаралық туристік форумы барысында өңірімізге келген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиевтің айтуынша, 2014 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысына сәйкес, «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне» мүше елдер арасында (Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан) «Жібек жолы бойынша бірыңғай туристік маршрут» әзірленіп, аталған бағыттарға Түркістан қаласының туристік нысандары да енгізілген.

Яғни, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрме қонақтары үшін Оңтүстік Қазақстан облысы ерекше туристік аймақ ретінде жарнамаланып жатқанын жеткізді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туризм саласын жаңа қалыпта дамыту жөнінде сөз қозғаған департамент директоры Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени туризм және турне бағыттарында жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бойына қоғамдық нысандар салу бойынша жасалған талдау нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысына жергілікті жердің тарихи мұрасына байланысты алдағы уақытта 3 қызмет көрсету нысанын салу ұсынылып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ, Марат Игалиев Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек Жолының жүрегі ретінде дамытуды позициялау мақсатында ұйымдастырылған шара туристтік әлеуеттің артуына және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға серпіліс беретінін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір