Жұма, 29 Наурыз 2024
Қарбалас 3297 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 22:16

Сайрамда ауылшаруашылық секторы айтарлықтай дамыған

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында шағын кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылдың 8 айында ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13483 бірлікке жеткен. Оның ішінде 521 заңды тұлға, 6406 шаруа қожалықтары, 6566 жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл қожалықтар мен кәсіпорындарда 23702 адам жұмыспен қамтылған.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 1995 жылы 473,0 млн.теңгенің өнімі өндірсе, 2015 жылы өндірген өнім көлемі 40652,0 млн. теңгені құрап, 8,6 есеге өскен. 2016 жылдың 8 айында 37945,0 млн.теңнің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсімі 13,1% құрады.

Бұл салада 1995 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3403 бірлік болса, 2015 жылы олар 14039 жетті, немесе 4,1 есеге артқан. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 1995 жылы 9,9 мың адам болса, 2015 жылы 22,4 мың адам жұмыспен қамтылған, немесе 2,3 есеге артқан.

Сонымен қатар айта кететін тағы бір жайт - негізгі капиталға салынатын инвестиция ауданның экономикасының өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Талдау жасау нәтижесінде ауданда 2008 жылы 6527,5 млн.теңге инвестиция тартылса, 2015 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 19088,7 млн.теңгені құрады. Яғни өсім 2008-2015 жылдар аралығында 3,0 есеге артқан.

2016 жылдың 8 айында инвестиция көлемі 6784,7 млн.теңгені, 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 46,7% құраған. Осылайша, Сайрам ауданында ел Тәуелсіздігі жылдары кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып, халықтың да тұрмыс-тіршілігі жақсарған. Алдағы уақытта да бұл салаға айрықша көңіл бөліне бермек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621