Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3937 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 22:23

ОҚО: 9 айдың ішінде бір ауылда атқарылған жұмыс

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шу ауылында мал басы айтарлықтай артқан. Бұл туралы Шу ауылы округінің әкімі Бейсенбі Дастанов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 9 айдың қортындысын туралы өткен брифинікте мәлімдеді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша мүйізді ірі қара 761, ұсақ - 4600, жылқы - 326, түйе-76 басты құрап, мал басының саны өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан. Мал азығын дайындау бойынша жоспар 108 пайызға орындалған. Кәсіпкерлік саласы бойынша 5 аралас сауда дүкені халыққа қызмет етіп келеді.

«Катко» қазақ француз біріккен кәсіпорны 800 мың теңгеге балаларға ойын алаңшасын салып берген. Сондай-ақ аталған шетелдік компания атаулы күндері «Алтын», «Күміс» алқалы аналарға 200 мың теңге көлемінде, ал, қарттар және мүгедектерге 1 қап ұн мен қысқы маусымда әр отбасыға 2 тонна қатты отынмен қамтамасыз еткен.

Білім саласында 2 оқушы үздік аттестат иеленіп, 10 оқушы жазғы демалыс лагеріне демалып қайтқан. Ауылдық емхана жоспар бойынша жұмыс жасап, биылғы жылы сары ауру мен бруцеллез ауруы тіркелмеген. Биылғы жылы ауыл округ бойынша бірде бір қылмыс тіркелмеген.

Abai.kz

0 пікір