Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3705 0 пікір 31 Қазан, 2016 сағат 11:22

АҚШ-тың Мемхатшысының орынбасары Кәрімовтың зиратына барды

АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннон Өзбекстанға сапары аясында Самарқанд қаласына барып, өзбек президенті болған Ислам Кәрімовтың зиратына гүл қойды, деп хабарлады АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігі.

Шэннонды Самарқанда Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен АҚШ елшісі Памела Спратлен және АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Даниель Розенблюм ертіп жүрді.

Өзбекстанның көне қаласында Шэннон бірқатар тарихи жәдігерлермен танысты.

Еске сала кетейік, Шэнонның Ташкенттегі кездесулерінде екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық, ивестициялық, мәдени-гуманитарлық мәселелер талқыланған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519