Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3736 0 пікір 31 Қазан, 2016 сағат 11:25

Қырғызстан түркі тілдес елдердің саммитін кейінге қалдырды

2016 жылдың төртінші тоқсанында өтуі тиіс болған Түркі тілдес елдердің VI Саммитін Бішкек кейінге қалдырды. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қырғыздар осындай шешім қабылдаған. Хабарларға қарағанда, саммитті өткізу уақытын ұйымға мүше елдердің өкілдері қосымша талқылайтын болады.

Түркі тілдес елдердің Әріптестік Кеңесі — халықаралық ұйым, қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіреді, мақсаты - ұйымға мүше елдер арасындағы жан-жақты әріптестікті дамыту.

Түркі кеңесі 2009 жылы 3 қазанда құрылды. Ұйым кеңсесі Стамбулда орналасқан.

Абай-ақпарат

0 пікір