Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4225 0 пікір 31 Қазан, 2016 сағат 11:33

Тәжікстан Қытаймен әскери ынтымақтастығына ризашылығын білдірді

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қытайдың қауіпсіздік және терроризммен күрес мәселелері жөніндегі арнайы уәкілі Чэн Гопинмен кездесті.

Жүздесуде әлемдік және аймақтық мәселелер, әсіресе қауіпсіздікке қатысты сұрақтар талқыланды.

Тәжікстан президенті Қытаймен әскери ынтымақтастығының деңгейіне, әсіресе Ауғанстанмен шекараны нығайту мәселелерінің шешілуіне ризашылығын білдірді.

Гопин Қытайдың Тәжікстанмен әріптестігін аттырауға мүдделі екенін және осы бағыттағы бірлескен қызметін әрі қарай дамытқысы келетінін айтты.

Қытайлық шенеунік Душанбеде Тәжікстанның бірқатар министрімен кездесу өткізді.

Абай-ақпарат

0 пікір