Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3982 0 пікір 31 Қазан, 2016 сағат 12:14

Ілеспе аудармашыларға арналған кезекті шеберлік класы өтеді

Астана қаласында қазанның 10-ы мен қараша айының 4-і аралығында Ілеспе аударма жүргізу шеберлік кластары өтеді. Бұл туралы Абай-ақпарат  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында осы жылғы           31 қазан  мен  4 қараша аралығында  қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің  2- кезеңінің шеберлік кластарын өткізеді.

Аталған шеберлік кластарының мақсаты қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру болып табылады.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша және ауызша аударма ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық модельдер, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасының және аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік сабақтарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова жүргізеді.

Шеберлік кластарына ғалымдар, аударма саласының мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, облыстық, қалалық  тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің ілеспе аудармашылары қатысады. Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады. 

 

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887

Абай-ақпарат

 

 

 

0 пікір