Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3920 0 пікір 2 Қараша, 2016 сағат 10:52

ҚАЗАҚ-АВТОБУС


Сәті солай болды ма, әлде қазақ қыздары өзгере бастады ма, әйтеуір, кеше автобуста бұрымы беліне түскен үш қыз көрдім.

Әп-әдемі, жап-жас қазақтың үш қызы. Бірге емес, бөлек-бөлек. Қандай әдемілік десеңізші! Мені көрдің бе деп қайқиып тұрған олар жоқ, өз телефондарымен әуре. Ешкімнен артық емеспін деп тұрған қарапайым болмыс. Қандай жарасымды! Бұрымдары бұлғақтаған үш әдемі қыз автобусқа қазақи болмыс бітіріп жібергенін қайтерсіз!

Қазақ-автобус келе жатыр, жол беріңдер!

Cерік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір