Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 3212 0 пікір 9 Қараша, 2016 сағат 14:24

Тырамп-парам-парам!

АҚШ-тың 45-ші президенті 31 штаттағы халықтың басым дауысымен және 276 сайлаушының қолдауымен жетпістегі бизнесмен Дональд Трамп болды-ей! Бәрі құрысын, көршісі Мексикаға қиын болды. Сұлуқұмар Дональдтың көңілін Сальма Хайекті жіберіп жібітпесе, ертең-ақ екі алдың арасына "ұлы қорған" түсетін түрі бар. Терроризмнің алдын алу үшін мұсылмандардың келуін шектеймін дегені тағы бар. 
Жаңа президент жайлы бес факті қабыл алыңыз!

1. Трамптың мектептегі тәртібі өте нашар болған. Сондықтан да, оны 13 жасында ата-анасы Нью-Йорктің Әскери академиясына оқуға жіберген. Басқаша оның қызу мінезін тәртіпке салатын жер таппаса керек.

2. Трамп тегі ағылшын тілінен аударғанда "көзір" деген мағына береді. Осы тегін брэнд қылып арақтан бастап кепкаға дейін сатты.

3. 4,1 миллиард доллары бар миллиардер Дональд ойын бизнесінен бастап сұлулық байқауларына дейін ("Әлем аруы", "АҚШ аруы" және т.б.) бақылайды.

4. Дональд 100-ден аса фильм мен сериалға түсіп, 15-тей кітап жазған.

5. Үш рет үйленген, бес баласы бар.

Қысқаша осы. Ал құтты болсын!

Өркен Кенжебек

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522