Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3656 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 13:33

БІРДЕҢЕ ДӘМЕТКЕН БОЛАР...

Осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншік үй алған едік.Үйдің құрылсын толықтай бітіргеннен кейін құжаттарын рәсімеуге кірістік. Соңғы бірнеше жыл бойы жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті легализация арқылы заңдастыру жүргенін білесіздер. Енді міне, биылғы жылдан бастап құрылыс бастамас бұрын тиісті орындардан рұқсат алу міндеттелді. Бұрындары жапатармағай құрылысты бастап жіберіп, құжат рәсімдеуді кейінгі кезекке қалдыратын едік. Өйткені ол кезде құрылыс бастауға рұқсат алудан гөрі азын-аулақ айыппұлды төлей салу оңай болатын. Қазір айыппұл бірнеше есеге өскен, оның үстіне айыппұл төлеген күннің өзінде жылжымайтын мүлігіңіздің заңдастырылуына кепілдік жоқ. 

О баста алған үйіміз салынып бітпегендіктен, құрылысты аяқтап алып легализацияға құжат өткізуге барғанымызда біздің үйіміздің легализация арқылы заңдастыруға жатпайтынын, өйткені салынған мерзімі легализация уақытымен сәйкес келмейтінін айтып қоя берді. Өзімізден кеткен ағаттық болған соң заңды түрде айыппұл төлеп, сотқа жүгіндік. Сөйтсек біздің ісімізді қараған Талғар ауданындағы әкімшілік соттың судьясы: "Сіздердің үйлеріңізді негізі легализацияға өткізуге болар еді. Сол жердегі жігіттермен жақсылап сөйлеспегенсіздер ғой. Олар бірдеңе дәметкен болу керек" деп қряды. 
Дәмелерінің зорын! Біздің принцип – біреуге бір тиын бермей-ақ қанша уақытқа созылса да, құжаттарды заңды түрде рәсімдеу. 

Негізі ең дұрысы – кез келген құжатты рәсімдеуде салақтық, салғырттық танытпай, не нәрсені уақытында тындыру. Аллаға шүкір, үйіміздің құжаттары аз күнде дайын болады.

Айнұр Сенбаева

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір