Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3813 0 пікір 26 Шілде, 2016 сағат 11:20

Қырғызстанда Асқаров ісі бойынша Жоғарғы соттың шешіміне қарсы митинг өтті

Базар-Коргон ауданында Жоғарғы соттың Шу облыстық сотының Әзімжан Асқаровты өмір бойы түрме жазасына кескен үкімін қайта қарауға жіберуіне қарсылық білдірген белсенділер митингке шықты. Бұл жөнінде аудандық милиция басқармасы хабарлайды.

Наразылық акциясына шамамен 100 шақты адам қатысқан. Олар Жоғарғы соттың шешіміне қарсы, Асқаровқа қатысты шығарылған үкім күшінде қалуы керек деп есептейді.

Еске сала кетейік, Асқаров Базар-Коргон ауданында тұрып, құқық қорғаушы қызметін атқарды. 2010 жылы маусым оқиғасынан кейін ол ұсталып, милиция қызметкерін өлтіруге қатысы бар деп айыпталды. Соттың барлық инстанциясы бойынша, өмір бойы түрме жазасына кесілген.

2016 жылдың сәуір айында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстан билігінен Асқаровты босатуға шақырды.

12 шілдеде Жоғары сот Шу облыстық сотына істі қайта қарауға жіберді. Сот отырысы барысында Асқаров қамауда отырады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522