Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5401 0 пікір 26 Шілде, 2016 сағат 15:06

ДЖИУ-ДЖИТСУ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІК ДЕҢГЕЙІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Елімізге семинар өткізу мақсатында джиу-джитсу бойынша жоғарғы халықаралық санаттағы спорт төрешісі Андрей Петрачков келіп кетті.

Қазақстан Республикасы джиу-джитсу Қауымдастығы өз спортшыларының шеберлік деңгейін арттыру мақсатында әрдайым оқыту мен шеберлік кластарын өткізіп тұрады. Ағымдағы жылдың 23-24 шілде аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан Жақсы спорт кешенінде  төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған джиу-джитсу бойынша республиалық семинар өтті. Семинарға 10 облыс, Астана мен Алматы қалаларының өкілдері қатысты. Оқытудың басты мақсаты қатысушылардың біліктілігін арттырып, білімін тереңдету болып табылады..

Семинар оқытушысы ретінде белгілі ресейлік спортшы Андрей Федорович Петрачковқа ұсыныс жасалған. Андрей Петрачков джиу-джитсу бойынша Мәскеу Федерация Басқармасының  мүшесі (әрі қарай - МФБ), МФБ Төрешілер алқасының төрағасы, джиу-джитсу бойынша Ресей Федерациясы Төрешілер комиссиясының төрағасы, Рёнши деген құрметті атағы бар, 5-ші дан шебері және джиу-джитсу бойынша халыаралық нұсқаушы,  джиу джитсу бойынша жоғарғы санататтағы халықаралық спорт төрешісі (World A лицензиясы), Seikai Judokai Халықаралық жауынгерлік өнері Қауымдастығы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі болып табылады. Семинар аясында бірнеше іс -шара, оның ішінде оқыту семинары және «файтинг-систем», «не-ваза-систем», «дуо-систем», «самооборона-систем», «бразил-систем» мен «АДС комбат-систем» тарауларында техникалар үйретіліп тәжірибелік сабақтар өткізілді. Аттестация емтихан турінде, яғни қатысушылар арнайы дайындалған билеттердегі сұрақтарға толықанды жауап берулері тиіс болды. Аттестациялық комиссия мүшелері ретінде ҚР джиу джитсу Қауымдастығының құрметті президенті Елкеев Нұржан, бірінші вице-президенті Мирзо Илья, ҚР құрама командасының негізгі құрамының аға жаттықтырушысы Қали Әшім, жоғары санаттағы ұлттық төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушыcы Ержанов Саят, халықаралық санаттағы төреші,  дәріс өткізген атақты ресейлік спортшы Петрачков Андрей және  комиссия хатшысы Помазай Константин спортшылардың білімі мен біліктілігін бағалады. Бақтарын сынаған 42 үміткер арасынан емтиханнан сүрінбей, жүзден жүйрік болып үздік баға алған 7 жаттықтырушы мен 12 төрешіге куәлік табысталып, халықаралық төрешілік-жаттықтырушылық курстарына жолдама алатын болды.

Абай-ақпарат

0 пікір