Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3580 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 15:42

ОҚО: АРЫСТА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ

Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің іс сапары үкімет тарапынан берілген мол мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жұмыс жасап жатқан Ақдала ауылдық округінде Агрофирма "Жаңа Ақдала" ЖШС-нің томат өңдеу зауытында жалғасты. Бұл туралы «Abai.kz» порталы «Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазіргі таңда кәсіпорынның төрағасы Т.Е.Ажибековтің басшылығымен қуаттылығы тәулігіне 600 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс өндеу зауытында 120 адамды орташа 50,0 мың теңге жалақымен тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық жұмыстарға180 адамды жұмыспен қамтып, 300 га. жерге тамшылатып суғару әдісімен қызанақ, 170 га. жерге бау, барлығы 470 га жерді игеріп, еліміздің әлеуметтік және экономикалық жағынан дамуына өз үлестерін қосуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен тоғыз жолдың торабы атанған Арыс қаласының мерейтойына орай, Арыс қаласы бойынша бірнеше нысандарды ел игілігіне беру жоспарланып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Осыған сәйкес нысандарды таныстыру мақсатында облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Арыс қаласына арнайы шақырылып, пресс тур өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет» - сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды» - деп атап өтті.

Елімізде шығарылатын өнімдерімізді арттыру мақсатында «Қазына жер LTD» жауапкешілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасы 2012 жылы салынған болатын. Сол КазАгроФинанс және өз қаржысы есебінен Канададан асыл тұқымды сүт бағытындағы 389 бас сиыр алынған болатын. Бүгінде мал басы 1077 басқа жетті. Оның ішінде 450 бас сауын сиырдан күніне9000 литрге жуық сүт сауылуда. 

Бір сиыр орташа есеппен күніне 22 литр сүт беруде. Сауылған сүттер арнайы көлікпен Шымкент қаласындағы «Алтын Дән» және «Фудмастер» ЖШС-лары тасымалдануда. 

«Қазына жер LTD» ЖШСөзінің иелігіндегі2816 га жердің: 1131 гектарына жүгері дақылдарын, 495 гектарынажоңышқа. Тамшылатып суғару әдісімен 100 га жерге пияз егілген. Пияздың әр гектарынан 800 центнер өнім алу жоспарлануда. Егістік алқаптарында жұмыс істейтін жұмысшылар саны 55 адам, олардың орташа жалақысы 60 мың теңгені құрайды. 

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499