Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5371 0 пікір 30 Шілде, 2016 сағат 17:36

ОҚО-ҒА ӨҢІРАРАЛЫҚ КООПЕРАЦИЯНЫ ДАМЫТУ МАСАТЫНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНАН БІР ТОП ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ

Бүгін өңіраралық сауда-саттықты дамыту мақсатында Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бақауов бастаған бір топ делегация Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді,-деп хабарлайды  ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Шуақты өлкеге келген қонақтарды қарсы алған өңір басшысы тауар өндірушілер мен делегаттардың қатысуымен жиын өткізді.

Онда облыс әкімі аймақ арасындағы сауда-саттық пен өңіраралық кооперацияны дамыту туралы сөз қозғап, кәсіпорындарға сауда нарығын іздестіруге қол үшін беру басты мақсат екенін жеткізді.

«Павлодар облысы – республикамыздың ең маңызды облыстарының бірі. Ірі және орта кәсіпорындарға толы өңірге береріміз және одан аларымыз мол. Оңтүстікке жасаған сапарларыңызға үлкен алғысымды білдіре отырып, бүгінгі іс-шара екі өңірдің даму тұрғысында пайдасы мол боларына сенемін»,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірдің экономикасы тез дамып келе жатқанына тоқталып, өнеркәсіп өндірісі бойынша көш ілгері екенін және фармацевтика мен тоқыма кластері қалыптасып жатқанын атап өтті. Тағы бір айта кетерлігі Оңтүстік Қазақстан облысы өзінің табиғи таза экологиялық ауыл шаруашылық өнімдерімен мақтан тұтады. Мұнда елде өндірілетін барлық көкөністің төрттен бірі, яғни, бау-бақша өнімдерінің 65%, жүзімнің 60%, жеміс-жидектің 36%, ал мақсарының 38% өндіріледі. Сондай-ақ, ол облыста 1025 гектар жерге жылыжай орналастырылғанын, бұл республиканың жылыжай кешендерінің 87% құрайтынын айтты.

Кездесуде екі жаққа да тиімді өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық салаларында ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды.

Ресми сапарда ауылшаруашылық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері бар 20-дан астам делегаттар туристтерге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен келген павлодарлық делегация Шымкенттегі ірі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты. 

Атап айтқанда, теріскейлік қонақтар өңіріміздегі дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын «Химфарм» АҚ-нда болып, компанияның тыныс-тіршілігімен танысты. 130 жылдық тарихы бар фармацевтикалық кәсіпорын бүгінде жылына жалпы сомасы 16,5 млрд. теңге болатын 1,2 млрд. таблетка мен капсулалар және түйірлер, 300 млн. ампула, 6 млн. инфузия, 40 млн. антибиотик құтылары мен 26 млн. шәрбат құтылары (сироп) сынды дәрі-дәрмектің 200-ден астам түрін өндіреді. 

Мұнан кейін жұмысшы топ «Оңтүстік» индустриалды аймағында өндірілетін өнімдердің көрмесін аралап, жылына 20 млн. дана шыны ыдыстарын шығаратын «Евро Кристалл» кәсіпорнында болды. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймағындағы шұлық өнімдерін шығаратын «Әлем БТ» фабрикасы мен «Бал Текстиль», «Назар Текстиль» кілем фабрикаларын көрді. Медициналық құрылғылар мен жиһаздарын шығаратын «Kazmedpribor Holding» ЖШС мен «AZALA Textile» текстиль комбинатын, су сорғыларын шығаратын «Karlskrona LB AC» және «Корпорация Green Land» қарқынды бағын тамашалады. 

Өңіріміздегі осынау жұмыстарды көрген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аймақ кәсіпкерлерін Солтүстік өңірлерге шақырып, ол үшін бос жер телімдерінің бар екенін, егер кәсіпкер аталған облысқа барған жағдайда арзан бағада электр энергиясын тұтына алатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы, ауыр және жеңіл өнеркәсіп сынды кез келген сала бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін айтты. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2254
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522