Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 4603 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 11:25

СУИЦИДТІ ЖЕҢУГЕ БОЛА МА?

Оңтүстік Корея ұзақ жылдар халықтың санына шаққанда суицидтен әлемде 2 орында болған. 
Елдің ғалымдары ұзақ ізденіп «Бақытты өлім» (Happy Dying) атты бағдарлама жасап шығарыпты.
Оның мәні ажалды ойлап, өзіне өзі қол салуды жоспарлаған адамға өзінің жаназасына қатысуға мүмкіндік беру. 

Олар үшін арнайы табыт дайындалады. «Мәйітті» кендір киімге (бізше кебін) киіндіріп, өзіне өзі жоқтау айтқызады да, артынан табытқа отырғызып, өз өмірін ойша бір шолып шығуға мүмкіндік береді. Ең соңында жаназа шығарушы «мәйіттің» қолдарын байлап жарты сағатқа табытқа жатқызып қояды. «Мәйіт» енді қаласа да, қаламаса да, уақытынан ерте өлудің дұрыс-бұрыстығын ойлай бастайды.

Мақсат кеселге шалдыққанды шошыту емес, өмірдің тәттілігін сезіндіру.

Өкінішке қарай, біздің БжҒ және Денсаулық Министрліктері суицидтің алдын алу туралы арнайы бағдарлама жасайды деп үміттенбеймін.. 

Олар үшін жұмыстың қызығы 

- Кім кімнің орынына келеді?

- Қай жерден не қарпып қалуға болады? - секілді сұрақтардың төңірегінде секілді.

Өмір Шыныбекұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір