Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Білгенге маржан 4711 0 пікір 9 Тамыз, 2016 сағат 11:12

СОЛТҮСТІК КОРЕЯЛЫҚ СПОРТШЫ СЕЛЬФИ ҮШІН ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛУІ МҮМКІН

Солтүстік кореялық гимнастшы Хон Джон Юн оңтүстік кореялық спортшымен сельфи жасағаны үшін өз елінде өлім жазасына кесілуі мүмкін,-деп жазады Daily Star порталы.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде оңтүстік кореялық спортшымен суретке түскен Хон Джон Юнның бұл әрекетін  СКР мамандары өз отанына жасаған сатқындық ретінде бағалапты.

СКР спортшысы Хон Джон Юн мен ОКР гимнастшысы Ли Ын Джунның бірге түскен суреті мемлекеттер арасындағы достықтың нағыз символына айналған еді. Өкінішке орай Солтүстік Корея Республикасы заңының «ұйымдасқан түрде билікті құлату, мемлекетті сату және терроризм» бабы бойынша спортшыларға мұндай суреттер түсіруге тыйым салынған екен.

Басылымның жазуынша, Солтүстік Корея лидері Кым Чен Ынның бұйрығы бойынша, оңтүстік кореялықтармен сөйлесуге, суретке түсуге, оңтүстік кореялық фильмдерді көруге және қоғамдық орындарда Інжіл оқуға тыйым салынған. Бұндай әрекеттер СКР лидері Кым Чен Ынға көрсетілген құрметсіздік деп бағаланып, өлім жазасына кесіледі екен.

Abai.kz

0 пікір